{metadescription}
Сырдария сағасындағы тұрғындар шіркейге таланып жатыр
Сырдария сағасындағы тұрғындар шіркейге таланып жатыр

Сырдария сағасындағы тұрғындар шіркейге таланып жатыр

Сырдария сағасындағы тұрғындар шіркейге таланып жатыр. Күн жылынысымен өзен бойын Шардара, Арыс пен Отырар аудандарын зиянкестер жайлаған. Соның салдарынан үсті-басы бөрткен тұрғындар күндіз көшеге шығудан қалдық дейді.

Ал шенеуніктер шыбын-шіркейді улауға биыл 644 миллион теңге бөлінгенін айтады. Соның нәтижесінде дәрілеу жұмыстары жанданып, шіркейді 70 пайызға азайттық деп отыр. Алайда ауыл халқы шенеуніктердің сөзіне емес, өз көзіне сенеді.

Сәуір басталса, Сырдарияның бойындағы Шардара, Арыс пен Отырар аудандарының тұрғындарынан маза кетеді. Шіркей шілдеге дейін талап, қатты ыстықта жоғалып кетеді екен. Сондықтан күн шыға сала, мұндағы ауылдарда тіршілік те тоқтайды. Зиянкеске жем болмас үшін тұрғындар күндіз  үйден шықпауға тырысады.

Рахия Жұман, Қожатоғай ауылының тұрғыны:

- Қалай шығады мына шіркейден? Шыға алмайды, шағады. Шаққан жерлері аллергия боп кетіп жатыр. Ісіп кетіп жатыр. Дәрілеп жатырмыз дейді. Бірақ өзіміз көргеніміз жоқ, дәрілегенін, басылғанын да көрген жоқпыз. Шіркей көп.

Ал амалсыз далада жүретіндер бет-аузын торлап тұмшалап алған. Өйткені шіркейден қорғанудың басқа жолы жоқ.

Темірхан Есжанов, Қожатоғай ауылының тұрғыны:

- Балашағаның бәрін жеп қойды. Екі жарым шақырым жерде мектеп. Барып келгеніңше бала-шаға қотыр боп жатыр. Бала-шаға машинада отырады. Сыртта ойнай алмайды. Азанда шығып жем болады, кешке тағы жейді. Өзіміз осы қап киеміз, бала-шағаға қайтіп кигізесің? Жүріп жүріп көрсеңдерші, сол кезде айтасыңдар, қап сұрап келсеңдер менде бар.

Ойын балалары шіркейге жем болса да, далаға шығып ойнап жүр. Бірақ осыдан кейін бір жастағы Мүслімнің денесіндей ісіп, бөртіп қотырға айналады екен. Адамнан бөлек, шіркейге таланған мал мен құстың өзі ұясынан шықпайды деген тұрғындар “дәрілеу жұмыстары шала-шарпы” дейді.    

Тұрсынхан Асылханов, Қожатоғай ауылының тұрғыны:

- Тауық түгілі, ит ұясынан шықпай жатыр. Үйшігінде жатыр. Далаға шығып ауқат ішпейді, қыңсылап жатады шіркейден. Мен саған көрсетейін, итім қазір сарайымда жатыр.  қазір. Тауығың ұясына кіріп кетеді, қашып, ол да шыға алмайды, жеп қояды кәдімгі. Шіркейдің бәрі тоғайда ғой. Судың жағасында, ол жақты дәрілеген жоқ.

Ал шыбын-шіркейді дәрілеуге бюджеттен 644 миллион теңге бөлдірген жауаптылар “зиянкестердің 70 пайызын жойдық” деп отыр. Сырдарияның суы тез жылып кеткен соң, биыл шіркей көп екен. Бірақ наурызда басталған улау жұмыстары қара күзге дейін тоқтатпайды деп отыр.

Бақытбек Убайдин, Түркістан облысы энергетика және ТКШ бөлім басшысы:

- Толығымен жою мақсат емес. Екіншіден, зерделеу нәтижесінде бұл шіркейдің дернәсілінен ұшады, солай ғой. Ал енді дернәсіл 70 пайызға азайғаннан кейін, шіркей азайды деген сөз. Бірден жақсы нәтиже беріп кетеді деп айтуға болмайды, нбірақ жұмыс болмай жатыр, әр осы жұмыстың нәтижесінде ертеңгі күні азаяды деген пікірге келеміз.

Яғни дәрия бойындағы жан мен мал шіркейден толық құтыла алмайды. Сондықтан зиянкеске таланатын тұрғындардың қасынып жүруден басқа амалы жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде