{metadescription}
Қазақстан азаматтары Суданнан аман-есен оралды
Қазақстан азаматтары Суданнан аман-есен оралды

Қазақстан азаматтары Суданнан аман-есен оралды

Қақтығыс шиеленіскенге дейін Суданда 17 Қазақстан азаматы болған. Оның төртеуі аман-есен елге оралды. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі мәлімдеді.

Бастапқыда Суданда үш азаматымыз ғана болған деген мәлімет болған. Артынша бұл жаңалық бұқаралық ақпарат беттеріне жарияланғаннан кейін, министрлікке тағы 14 адам хабарласты. Олардың басым бөлігі жергілікті тау-кен компаниясында, ал қалғаны халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Шетелдік елшіліктірдің көмегімен еліміздің 6 азаматы жақын маңдағы Иордания, Сауд Арабиясы және Эфиопияға жеткізілді. Ал 11 азамат өз қалауымен Суданда қалуға ниет білдіріпті.

Сәуір айының ортасынан бері Судан әскері мен жедел әрекет ететін жасақ арасында билік үшін қақтығыс болып жатыр.  500-ден аса адам қаза тауып, 4 мыңнан астамы жараланды.

Айбек Смадияров, Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі:

- 10 азаматымыз Вади Ашар деген қалада таукен компаниясында жұмыс істейді. Ал тағы бір Қазақстан азаматы "Шекарасыз дәрігерлер" ұйымының қызметкері. Сол елде қаламын, сол жерде жергілікті адамдарға көмектесемін деп қалды. Енді қазақстандықтар істейтін компания басшысымен хабарластық. Біздің 10 азаматымыз жұмыс істейді, егер жағдай шиеленіссе, әрі қарай не істейміз, бірлесіп іс-әрекет жасайық деп келістік. Ол басшылықтың айтуы бойынша, егер жағдай күрделенетін болса, онда сол елде жұмыс істеп жатқан біздің жұмысшылар, жалпы сол компанияның қызметкерлерімен бірге сол елден эвакуацияланады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде