Алматыда екі айда 356 адамды кене шаққан
Алматыда кене шаққан азаматтан энцефалит анықталды. Оңтүстік астанада айналдырған екі айдың ішінде 356 адамды кене шаққан. Олардың жартысынан астамы — балалар.
Автор: Нұртілеу Жылқышыбай
02.05.2023
Тырнақтың ұшындай ғана жәндіктен сал болып қалмаймын десеңіз, аурудың алдын алған дұрыс дейді мамандар. Кене энцефалитінен қорғанудың ең тиімді тәсілі – екпе. Вакцинацияны дәрігерлердің кеңесінен кейін қалада тегін алуға болады. Тауға шығып серуендеу кезінде қарапайым сақтық шараларын ескерген жөн. Абзалы табиғатқа жабық әрі ақ немесе көк түсті киім киіп шығу. Өйткені қансорғыш жәндікті ашық түсті матадан тез байқауға болады. Ал егер денегеқадалып үлгерсе, дереу дәрігерлерге жүгіну керек. Кенеге қарсы залалсыздандыру Алматыда наурыз айынан басталып кеткен. Бірақ шаһарда дәрі тимеген аймақтар әлі де бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!