{metadescription}
Наразылық: Астананың оң жағалауын күлімсі иіс жайлаған
Наразылық: Астананың оң жағалауын күлімсі иіс жайлаған

Наразылық: Астананың оң жағалауын күлімсі иіс жайлаған

Елорданың оң жағалауындағы тұрғындар ауламызды кәріз жүйесінен шыққан күлімсі иіс жайлап алды деп отыр. Қолқаны қабатын иістен тыныс алу мүмкін емес дейді. Ал күн жылынғалы шыбын-шіркей үймелей бастаған. Бұл жағдайдың жыл сайын қайталануынан әбден зәрезап болған бұқара биліктің бейқамдығына ашулы.

- Алты қабатты тұрғын үйдің жертөлесінің сыйқы мынау, суға толған. Жағымсыз иіс үй былай тұрсын, аулаға жайылған. Нәжіс пен зәрдің сасығы әсіресе күз бен көктемде күшейеді. Мұнда бетперде де көмектеспейді.

Ауладағы құдықтар толып, қалдықтар әрі өтпей, сол күйі тұрып қалған. Тұрғындардың мазасын қашырған жағдай үш жыл бұрын маңайға жаңа ғимараттар бой көтергелі басталды. Төмендеу орналасқан ескі тұрғын үйдің жертөлесіндегі құбырлар артық қысымнан жарылып жатыр. Содан бері жұрттың тынысы да тарылды.

Мейрам Жартаев, Астана қаласының тұрғыны:

- Үйге кіргенде, тамақ ішіп отырғанда сасып отырады. Барлық құбырды бір жылы астына тықты. Содан бері мыналар дұрыс істемей қалды. “Су арнасынан” келіп ашады да, қарап кетеді. «Білмейміз, не істейтінін» дейді.

Жертөле кептірілмейтіндіктен, шіркейлер ылғалды жерді мекен етіп алған. Тұрғындар күннен-күнге қаптап бара жатқан масамен алысуға қауқарымыз жетпейді деп налиды. Мұндағы жұрт қан соратын жәндіктер мен нәжіс иісінен барынша сақтанып әлек. Әр бөлмеде ауа тазартқыш бар, терезелер де еш жабылмайды.

Лариса Заборская, Астана қаласының тұрғыны:

- Кәріз жүйесінен шыққан иісті жою мүмкін емес. Ауаны тазартқыштар да бір сәтке ғана көмектескендей болады. Онсыз да денсаулығы нашар анама тіптен қиын болды.

Су тапшылығы сезіле бастағанда тұрғындар бірден қысымды күшейтуге арналған қосымша сорғы орнатып еді. Алайда ол қондырғының өзі көп ұзамай дымқыл жерде орналасқандықтан істен шықты. Сол себепті жоғарғы қабаттар сусыз қалатын.

Артур Итаев, Пәтер иелері кооперативінің басшысы:

- Жертөледегі ылғалдылықтан біз 30 рет ауыстырдық. Астанада тұрып өзөзімізді сумен қамтамасыз етуіміз керек деген сұмдық қой! Негізгі коллектордағы ақаудан құдықтағы лас су аузы-мұрнынан шығып тұр. Жауаптыларға хабарласып едік. Олар жерасты суы толығымен кәрізден ағатын сумен араласып кетті деді.

Кәріз желілерін бақылайтын мекеме мамандары олардың жұмысы жаңасын салу емес, қызмет көрсету екенін айтады. Жерасты суы да біршама кедергісін келтіріп жатқан көрінеді.

Әлібек Қазез, "Астана су" МКК  кәріз жүйесін бақылау маманы:

- Еріген қар суы кәріз жүйесіне қосылады. Ал кәріз коллекторы оған шыдай алмайды. Әу баста ол осы ескі бірекі тұрғын үйге ғана арналған. Маңайдағы жаңа ғимараттар салынып, ол артық жүктеме болды. Егер барлық құбыр бірбірімен берік байланыста болса, ол жертөледен емес, құдықтан төгіледі.

Бас шаһардың құрылыс қарқынына байланысты оған ілесе алмай, осы іспетті мәселе де артып келе жатыр. Судың тапшылығы мен оны пайдаланғаннан кейін шығарудың жолы әлі  жолға қойылмай тұрғанын коммуналдық мекемелер мойындап отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде