{metadescription}
Степногорда алтын сататын дүкен тоналды
Степногорда алтын сататын дүкен тоналды

Степногорда алтын сататын дүкен тоналды

Степногор қаласында алтын сататын дүкен тоналды. Әккі ұрылар сауда нысанына еденді ойып кірген екен.

Түнгі сағат төрт жарымда дүкеннің дабылы іске қосылған. Күзет қызметі төрт  минутта оқиға орнына келіпті. Бірақ дүкенінің есігі жабық, маңайы тып-тыныш болған. Дүкен қожайынына хабарласқанымен, ол жауап бермепті. Сондықтан күзетшілер кері қайтқан. Алайда таңертең алтын сататын дүкеннің тоналғаны анықталды. Сөйтсе, жертөле арқылы кірген ұрылар баспалдақтың астынан еденді адам сиятындай етіп ойыпты. Сол арқылы ішке еніп, алтын бұйымдарды түк қалдырмай тонап кеткен. Полиция күдіктілерді жер-көктен іздеп таппай жатыр. Бейресми ақпарат бойынша, шығын көлемі 150 миллион теңгеден асады. 

Әсем Әбдірахманова,Ақмола облысы ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Степногор полициясына зергер бұйымдары сататын дүкен тоналғаны жайында хабар келіп түскен.ҚР ҚК 188-бабының 4-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жедел-іздестіру жүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.