Автонесие жалақысы белгілі бір шектен аспайтын азаматтарға берілуі мүмкін
Жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жаңа шарттары 15 мамырға дейін жарияланады. Бұл туралы мәжіліс кулуарында индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев айтты.
Автор: Мерей Қалиасқар
03.05.2023
Марат Қарабаев, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі:
- Бұл ең әуелі бағдарламаны одан әрі жетілдірумен тығыз байланысты. Қазір Ұлттық банктің базалық мөлшерлемесі 16 пайыз. Бұл жағдайда 4 пайыздық автонесие – жақсы мөлшерлеме. Сондықтан бағдарлама айтарлықтай cәтті. Жаңа қосылатын негізгі талаптардың бірі – алғашқы жарна.
Автонесиені айлығы жоғары адамдардан гөрі, жалақысы белгілі бір шектен аспайтын азаматтарға беруді қарастырып жатыр. Қазір төрт пайызбен көлік алуға өтініш беретін азаматтардың еңбекақысы қанша теңгеден аспауы керектігін есептеп, талдау жүргізіп жатыр. Бұл өзгерістер бұқараға тиімді ету мақсатында қолға алынған. Сонымен қатар қымбат көліктердің орнына сұранысқа ие, халықтың қалтасы көтере алатын автомобиль маркалары қатыстырылады. Бүгінде қорға 4 миллиард теңге жиналғанын. Сома 5 миллиардқа жеткенде ғана бағдарлама қайта ашылады деді министр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!