Жигули Дайрабаевтың жер мен үйге қатысты айыптауларға жауабы
Лауазымымды пайдаланып, бопсалағысы келеді. Кейінгі кездері басы даудан арылмаған депутат Жигули Дайрабаев жер мен үйге қатысты айыптауларға жауап берді.
Автор: Мерей Қалиасқар
03.05.2023
Мәжіліс депутаты Меркі ауданындағы құны 140 миллион теңге болатын үйінің келісімшарты заңды әрі үй иелерінің құқығы толық сақталғанын баса айтты. Ал кезекті рет ақша талап еткен азамат үй сатқан әйелдің бұрынғы жұбайы екені белгілі болды. Халық қалаулысын қаралаған ол мұның алдында сот шешімімен айыппұл төлеген екен. Бұл ісін тоқтатпаса, депутат қайта сотқа жүгінуге ниетті. Сондай-ақ Дайрабаев Меркі ауданы Кеңес ауылындағы жерге де еш қатысы жоқ екенін атап өтті.
Жигули Дайрабаев Мәжіліс депутаты:
- Меркі ауданында менің жеке басымда бір метр жерім жоқ. Ол кезде біз жалдамалы қызметкер болып қызмет істедік. 2000-шы жылдардың басында расында да көп жер игерілмей жатты. Көп азаматтар біздің компанияға жерін берді, біз бұл жерлерге жүгері,қызылша, егін ектік. Компанияда 350-500 жұмыс орны ашылды, жаңа технологиямен, жаңа техникамен. Менен кейін де төрт-бес адам сол компанияда жұмыс істеді. Кімнің ұйымдастырып жатқанын білемін, бірақ ол азаматтардың деңгейіне төмен түсе алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!