{metadescription}
Атырауда тоғыз қабатты үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен
Атырауда тоғыз қабатты үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен

Атырауда тоғыз қабатты үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен

Атырауда тоғыз қабатты үйдің тұрғындары үйінді астында қаламыз ба деп қорқып отыр. Өйткені Алмагүл ықшам ауданындағы үйдің жертөлесі жекенің қолына өтіп кеткен. Осы жерден кәсіп бастауды көздегендер қабырғаларды қиратып, жертөлені сыраханаға айналдырыпты.

Бірақ тұрғындардан бір ауыз рұқсат алмаған екен. Енді жиналған жұрт қаңқасына зиян келген үй құлап қалуы мүмкін деп үрейлі. Алайда жергілікті әкімдік бұл жағдайдан хабарсыз екен.

Алмагүл ықшамауданындағы тоғыз қабатты үйдің жертөлесін рұқсатсыз иемденген кәсіпкер, қабырғаларын қақыратып, өз бетінше  бірнеше бөлікке бөліп, сатып жіберген дейді тұрғындар. Енді жертөленің жаңа қожайындары әр жерден есік шығарып, құбырларды кесіп тастады деп наразы. Оған қоса, бірнеше сырахана ашып тастаған екен. Құрылыс басталғалы бері жергілікті билікке бірнеше рет шағымдандық дейді жиналғандар. Бірақ арыздарын әкімдік мүлде жауапсыз қалдырыпты.

Мейрамгүл Құсайынова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Бәрін сатқан, сатқанымен қоймай жардың барлығын тесіп, бірден есік, бір жерден тесік шығарып, ойларына келгенін жасап жатыр. Енді бір күні мына үй құламайтынына кім кепіл береді. Ешбір адам келіп бізден рұқсат алған жоқ. Көп балалы анамын. Менің үйімде алты балам бар.Бір күні мен ұйқыдан үйіндінің астында тұрсам мен таң қалмаймын. Мындай тесумен.

Әлібек Қазмағамбетов, Атырау қаласының тұрғыны:

Қазір әлі тесіп жатыр астымызды. Үйлерде сызаттар пайда болып жатыр. Оны кім тексеріп жатыр. Мына үй құлап қалмай ма? Халыққа ешкім ештеңе айтып жатқан жоқ. Екі бірдей сырахана жұмыс істеп тұр. Енді тағы ашатын болса, мына жер базар болайын деп тұр.

Халықтың шуын естіп әкімдіктегілер де келді. Олар тұрғындардың қолы қойылған рұқсат қағаздарын көрсеткен еді. Алайда жиналған жұрттың бірде бірі ол құжатқа қол қоймадық деп шу ете қалды. 

Жертөленің әр бөлігін сатып алғандар құрылыс жүргізіп жатыр. Жылу құбырларын кесіп, әр жерден есік шығарған. Осының барлығын тұрғындармен бірге көріп шыққан жауаптылар өз көздеріне сенбеді. Өйткені «кәсіпкердің әкімдікке тапсырған жобасы  басқаша болатын» дейді. Ал оны тексеру тұрын үй құрылысын бақылау басқармасының құзыретінде екен.

Фараб Қуанышқалиев, Атырау сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары:

- Бізге құжаты бөлімге тапсырылған кезде, есіктері бұрыннан бар екендігі көрсетілді. Бұл яғни құжаттың сәйкессіздігі. Ол бөлек тексеріс жұмыстары жүргізілетін болады. Бізден өткен кезде, тек ол жерді бөлуге ғана рұқсат алған. Ал енді ашылған мына сыраханаға рұқсат берілген жоқ.

Халық кәсіпкерді және  мемлекеттік сәулет -құрылысын бақылау басқармасынан жауаптыларды шақыруды талап етті. Алайда олар түрлі сылтау айтып келмеді. Ал әкімдік өкілдері  жертөленің кімге тиесілі екенін және оның қалай сатылып кеткенін айта алмай отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.