{metadescription}
Атырау облысы: Ауруханалардың қарызы миллиардқа жеткен
Атырау облысы: Ауруханалардың қарызы миллиардқа жеткен

Атырау облысы: Ауруханалардың қарызы миллиардқа жеткен

Атырау облысындағы ауруханалардың қордаланған қарызы бір миллиард теңгеге жуықтаған. Төрт бірдей емдеу мекемесі азық-түлік, дәрі-дәрмек пен материалдық жабдықтар жеткізген кәсіпкерлердің қаражатын дер кезінде аудармапты.

Мұны мониторинг кезінде антикор анықтады. Белшесінен қарызға батқан медициналық мекемелер арасында екі облыстық, екі аудандық аурухана бар. Олар мемлекеттік сатып алу шарты бойынша көрсетілген қызмет ақысын 30 күн ішінде аударуы тиіс дейді құзырлы орган өкілдері. Алайда түрлі әкімшілік кедергілерді сылтауратып кешіктірген. Осы арқылы сыбайлас жемқорлыққа жол ашылуы мүмкін екен. Қазір антикордың араласуымен 300 миллион теңгеге жуық қаржы өтелген.

Нұрлан Жахин, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облысы департаменті бастығының орынбасары:

Қазір 100 кәсіпкерге 300 млн. теңгеден астам ақша қаржысы төленді. Басқа қаражатын уақытында төлеу бойынша берешектері біздің бақылауда болады. Мұндай әкімшілік кедергілер болмауы тиіс. Яғни қызмет көрсетілді ме, ақша аударылауы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде