{metadescription}
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын екі миллиард долларға жоспарлады
Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын екі миллиард долларға жоспарлады

Қазақстан мен Тәжікстан тауар айналымын екі миллиард долларға жоспарлады

Сауда-саттыққа қатысты 9 құжатқа қол қойылды. Тәжікстан президентінің Қазақстанға мемлекеттік сапары аясында келісілген мәселе көп. Бірінші кезекте тауар айналымын арттыру. Екі ел оны жуырда екі млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр.

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон бірқатар маңызды меморандумға, оның ішінде одақтастық жөніндегі декларацияға қол қоюға уағдаласты. 

Тәжікстан президентін Қасым-Жомарт Тоқаев кеше әуежайдан өзі күтіп алған болатын. Эмомали Рахмонның мемлекеттік сапарының негізгі бөлігі бүгін Ақордада жалғасты. Мәртебелі мейманның құрметіне еліміздің Құрмет қарауылы сап түзеп, барлық сән-салтанатқа сай етіп күтіп алды.

Тараптар дәл қазір екіжақты кездесу өткізіп жатыр. Жалпы Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымы былтыр 18,5 пайызға артқан. Қос елді байланыстыратын тек сауда-саттық ғана емес, ауыл шаруашылығы мен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық және бар.

Мемлекет басшылары соңғы рет қаңтар айында телефон арқылы тілдесіп, қос елдің дипломатиялық қарым-қатынас орнатқанына 30 жыл толуымен бір бірін құттықтаған. Бүгін өзара келісімдерді жүзбе-жүз пысықтау үшін дөңгелек үстелге жайғасты. Қазақстан Тәжікстанның ең ірі сауда серіктесі. Бірақ одан бұрын бауырлас елдерді ортақ тарих, мәдени әрі рухани құндылықтар байланыстырады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Тек былтырдың өзінде екіжақты сауда айналымы 1,4 миллиард долларға жетті. Қазір бұл  жақсы нәтиже. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік және басқа да салалардағы бірқатар экономикалық жоба жүзегее асырылу сатысында тұр. Сіздің сапарыңыз аясында экономиканың түрлі секторындағы өзара ісәрекетті одан әрі кеңейтуге бағытталған жаңа келісімдердің маңызды топтамасына қол қойылады.

Тараптар бұл межемен тоқтап қалмайды. Сауда көлемін екі миллиард долларға дейін арттыруға уағдаласып отыр.

Кеше қос елдің кәсіпкерлері 1 миллиард 800 млн доллар көлеміндегі келісімшарттарға қол қойған.

Эмомали Рахмон, Тәжікстан Республикасының президенті:

- Қазақстан бүгінде басты сауда серіктестеріміздің арасында екінші орында. Былтыр тауар айналымының өсімі 20 пайыздан асты. Біз басқа салаларда да қарқынды диалог жүргіземіз. Сізбен елдеріміздің әлеуметтікэкономикалық даму перспективаларын, сондай-ақ халықаралық және өңірлік мәселелерді талқылауға дайынмын.

Артынша кеңейтілген құрамдағы келіссөздер нәтижесінде 9 құжатқа қол қойылды. Оның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту, тауар айналымын арттыру, өнеркәсіп, көлік және цифрландыру салаларына баса мән берілді.

Тәжікстанмен әсіресе ауыл шаруашылығы саласындағы алыс-беріс өсіп келеді. Осы орайда тараптар 2023-2025 жылдар аралығында жүзеге асуға тиіс екі жол картасын қабылдады.

Ербол Қарашөкеев, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

Тәжікстан Республикасы мен Қазақстанның мемлекетаралық тауарайналымы өте жақсы өсіп жатыр. Былтырғы жылдың нәтижесі бойынша біздің тауар айналымымыз 38 пайызға өсті. 578 млн АҚШ долларына жетіп отыр. Оның ішінде біздің агроөнеркәсіп кешенінің Тәжікстанға экспортын алатын болсақ, негізі бізде дәнді бұршақты дақылдар. Дәстүрмен Тәжікстанға бидайды да, арпаны да эспорттайтын болатынбыз.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Тәжікстанмен мұнай өнімдерін өзара жеткізу бойынша келіссөздер жүруі мүмкін екенін де айтып қалды.

Алмасадам Сәтқалиев, ҚР Энергетика министрі:

Біз мұнай өнімдері мен электр энергиясын өзара жеткізу бойынша тығыз байланыстамыз. Бұған дейін Тәжікстанның энергетика министрлігімен «Рогун Су» электр станциясының құрылысы аясындағы ынтымақтастық және өзара ісқимыл туралы меморандум бойынша келісімге қол қойған болатын.

Қазақстан Тәжікстанға жалпы көлемі 140 миллион доллардан асатын 60 түрлі тауардың экспортын еселеуге дайын отыр. Ал біз Тәжікстаннан жеміс-жидек өнімдерін жүйелі түрде импорттауға мүдделіміз.

Келіссөз соңында Тоқаев Тәжікстан президентін ең жоғары «Алтын Қыран» мемлекеттік наградасымен марапаттады. Жалпы алғанда екі ел арасында шешілмеген түйін жоқ. Трансшекаралық өзендерді пайдалану мәселесінде де тараптардың ұстанымы – бір.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде