Банкроттық: 70 пайыз қазақстандықтың өтініші кері қайтарылған
Бәрі бірдей банкрот емес. Екі ай ішінде өзін банкрот деп тануды сұраған 70 пайыз қазақстандықтың өтініші кері қайтарылған. Өйткені адамдардың қарызы шекті сома, яғни 1600 айлық есептік көрсеткіштен асып кетіпті. Яғни бес жарым миллионнан көп. Бұл туралы қаржы министрлігі хабарлады.
Автор: Әзиза Төленби
04.05.2023
Кей өтініш бергендердің ипотека төлеп жатқаны анықталған. Яғни қарыз төлеуге мүмкіндігі бар. Ал көп жағдайда адамдардың меншігінде мүлік, автокөлік, жер учаскісі бар. Мұндай мәліметтер банкроттық рәсімдеу сотқа жетпей белгілі болған. Бірақ алғашында өтініші кері қайтқан азаматтардың, үш айдан кейін қайта арыздануға құқы бар. Өйткені қабылдау әлі жүріп жатыр. Жалпы, 3 наурыздан бері 50 мыңға жуық өтініш келіп түскен.
Ержан Біржанов, ҚР Қаржы вице-министрі:
- Қазіргі таңда 49 мың арыз түсті. Солардың алты мыңнан астамы өңделіп, оң шешімі қабылданып, осы алты айдың ішінде ол азаматтарға банкрот деген статус берілуі мүмкін. Бұл бірінші шешім қабылданды. Әлі нақты шешім қабылдаған жоқ. Себебі, заңнама бойынша, алты ай мерзім өту керек. Және де осы арызды берушілердің 36 мыңнан арыз кері қайтарылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!