{metadescription}
Қайғылы оқиға: Көлащы ауылында әкесі мен төрт баласы көз жұмды
Қайғылы оқиға: Көлащы ауылында әкесі мен төрт баласы көз жұмды

Қайғылы оқиға: Көлащы ауылында әкесі мен төрт баласы көз жұмды

Табиғи газдан улануы мүмкін. Алматы облысында бір отбасындағы бес адамның қазасына қатысты тергеу жүргізіп жатқан полиция осындай болжамын айтты. Көлащы ауылында әкесі мен төрт баласы өлген қайғылы оқиға көпшілікті есеңгіретті.

Бүлдіршіндердің тек анасы аман қалған. Ол қазір ауруханада. Марқұмның жақындары жедел жәрдемнің кешігіп жеткенін айтады.

- Үлкен баласы кірген жерде жатыр екен.Қасымдағы келіншек жоғарыға кеткен екен, «ойбай, аға, бері кел, бәрі сұлап жатыр» деді.

Сердалы Құлекеев жанұшыра жеткен көршілердің бірі. Іште сұлап жатқан төрт бала мен ерлі-зайыптыны кезекпен сыртқа алып шыққан. Отбасы түнгі ұйқыға кеткеннен оянбаған.

Сердалы Құлекеев, көршісі:

- Әйелі, өзі кішкентай баласы үшеуі бір бөлмеде бұлар жатыр екен. Бір баласы екінші бөлмеде, қызы мынада. Сөйтіп мен оны қырындат деген сөз бар, Заманбекті былай қырындатып, етпетінен түсіп жатқан екен, содан о балаға сәл уқалап, сөйтіп адамдар келіп бастады.

Ойын баласы кездейсоқ үйге бас сұқпағанда, отбасының ес-түссіз қанша уақыт жатарын кім білген. Тамырын басқанда тірі болған көрінеді. Әттегең-айы – марқұмның жақындары, жедел жәрдем кеш келді деп күйінеді. Оның өзіндік себебі бар.

Көлащы ауылындағы бұл көшенің атауы әлі күнге берілмеген. Тұрғындар үйдің құжатын заңдастыра алмай келе жатқанын айтады. Кесірі қаралы оқиға болған күні көрінді. Жедел жәрдем уланған отбасыны бірден таппай сандалған. Бір жарым сағат дегенде әрең жетіпті.

Балалардың үлкені 15-те, кенжесінің жасы 5-те. Әкесі үйде жан тапсырғандықтан, көрші ауылдағы ауруханаға төрт бүлдіршін мен анасын жеткізді. Ақ халаттылар қанша жерден араша түссе де, иіс тиген төрт баланы ажал алып тынды.

Нұрсұлтан Жүзбеков, «Қарасай ауданаралық көпсалалы ауруханасы» КМК жансақтау бөлімінің меңгерушісі:

- Балалар ушығып түсіп отыр, қалшылдап келді. Гипотетикалық ығылыс болған. Псқынып түсіп отыр. Бірінші тәулікті төртеуі де қайтыс болды. Жедел жәрдемнің бізге келген болжамалды диагнозының өзі газдан уланған болды, біз сәйкесінше сол диагнозға қосыламыз.

Полиция да газдан улануы мүмкін деген болжамға қосылады. Тоқетерін сараптама қорытындысы шығарады. 38 жастағы келіншектің денсаулығы қалыпқа келді. Бүгін палатаға ауыстырылды. Жары мен төрт перзентінен қапияда көз жазып қалғанын әзірге білмейді. Туған-туыстың қаралы хабарды естіртуге жүрегі дауаламай жүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде