Медеу шатқалында өрт сөндірушінің біреуі мерт болған
Медеу шатқалынан шыққан өрт толық сөндірілмеді. 3 мың шаршы метр әлі де бықсып жатыр. Қызыл жалынды толық сөндіруге «Горельник» деп аталып кеткен жотаның тым биік болуы себеп дейді мамандар.
Автор: Салтанат Шырынхан
10.05.2023
Дархан Исабеков, Іле-Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі бас директорының орынбасары:
- Кеше ашық өрт болған жоқ. Өрттің үшінші күнге созылу себебі: таудың рельефі өте қиын. Кезінде жүруге 2011 желсұлатпа болған. Ағаштар құлаған, шөп те қалың. Сосын тіке бедер 35 градустан жоғары. Бар күшімізді салып жатырмыз. Енді бүгінертең толық өртті тоқтатқаннан кейін, толық жойылғаны туралы ақпаратты береміз.
Өрт 7- мамыр күні түнде тұтанды. Арнайы штаб құрылып, Іле-Алатауындағы жалынды ауыздықтауға 100-ден астам қызметкер мен 15 арнайы техника аттанған. Таудың биік болуынан техниканың табаны тимей, төбеден су шашуға тік ұшақтар да тартылды. Жаяу-жалпы бет алған өрт сөндірушінің біреуі қаза тауып, тағы біреуі қолын жарақаттады. Қазір жалын өршіп кетпеуі үшін түтіндеп жатқан орынға су шашып, топырақпен көму жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған 45 қызметкер мен бір өрт сөндіру техникасы бар. От тұтануына табиғат аясында демалуға шыққандардың артынан шоқты өшірмей кетуі басты себеп болуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!