{metadescription}
Петропавлда қамыс өртеніп, 11 отбасы далада қалды
Петропавлда қамыс өртеніп, 11 отбасы далада қалды

Петропавлда қамыс өртеніп, 11 отбасы далада қалды

Петропавлда қамыс өртеніп, 11 отбасы далада қалды. Ұйтқыған желдің екпінімен тілсіз жау баспаналарды шарпыған. Қазір қала әкімдігі далада қалған отбасыларға көмек берудің жолын қарастырып жатыр. Төтенше жағдай жариялануы да мүмкін. Қала шетінде болған өрттен тұрғындар аман. Бірақ үйсіз-күйсіз қалғандарға  өтемақы төлеу жағы қиындық тудыруда.

Петропавл іргесіндегі Береке шағын ауданындағы алапат өрттен кейін де үш тәулік өтті. Бірақ қолқаны қабатын ыстың иісі әлі де бар. Кеше ғана ұядай баспанасында күн кешкен 11 отбасы бір мезетте  далада қалды. Өртеніп кеткен үйлерінің орнында күлі ғана жатыр. Сол күні секундына 23 метр жылдамдықпен жел соғып, шағын ауданға жақын маңдағы қамыс өртенген. Жалын көзді ашып-жұмғанша үйлерге жетіпті.

Өрттің қатты болғаны сонша, тілсіз жауды ауыздықтауға аудандардан арнайы көліктер шақырылып, 140 құтқарушы мен 28 техника жұмылдырылған. Соның өзінде, көмек кеш келді дейді тұрғындар.

Серік Садықов, жәбірленуші:

- Сарайға лап ете түсіп, сосын үйге ауысты. Үй жанып біткенше өрт сөндіруші болмады ғой. Ешкім жоқ. Көршім талып қалды. Жедел жәрдем керек, ол да жоқ. Бір сағаттан кейін өрт сөндірушілер келді. Ол кезде үйім толық жанып кетті.

Асылан Ахметжанов, СҚО ТЖД басқарма бастығы:

- Бұл үйлер әбден тозған. Сіріңке сияқты тұтанып, бесон минутта лапылдап жанғаны сонша, желмен көрші үйлерге тарады. Бұл маңда арнайы көлікке құятын су да жоқ. Үш жердегі  өрт сөндіру гидранттарының бірінде ғана қысым болды. Осы жағы бізге қиындық әкелді.

Баспанасыз қалған 11 отбасы уақытша жалдамалы пәтерлерге орналастырылған.

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл қаласы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Зардап шеккен тұрғындарға 100 айлық есептік көрсеткіш көлемінде материалдық көмек көрсетіледі. Бұл үшін бүгіннен бастап құжаттарды қалпына келтіріп жатыр. Көптеген отбасының құжаттары жанып кеткен. Сарапшылар келтірілген материалдық шығын көлемін есептеп береді. Сол бойынша өтемақы төлейміз.

Тілсіз жаудан келген шығын көлемі әлі белгісіз. 11 отбасыға өтемақы төлеу үшін қалада төтенше жағдай жариялау жоспарлануда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде