{metadescription}
Атырауда нан қымбаттады
Атырауда нан қымбаттады

Атырауда нан қымбаттады

Атырауда нан қымбаттады. Бұрын бір бөлке 82 теңге болса, енді 91 теңге.

Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы әлеуметтік нанның бірден тоғыз теңгеге қымбаттауын ұн бағасының өсуімен байланыстырып отыр. Атыраудағы тұрақтандыру қоры астықты Орал қаласындағы «Желаевский» Серіктестігінен сатып алады екен. Ол кәсіпорын бұрын бірінші сұрып ұнның әр келісін 155 теңгеге жеткізсе, қазір 165 теңгеге көтеріп жіберген. Себебі коммуналдық қызмет, жанармай бағасының өсуін алға тартқан. Осылайша әлеуметтік дүкендерде бірінші сұрыптан пісірілген нан бағасы тоғыз теңгеге қымбаттаған. Ал өзге сауда нысандарында ас атасының бір бөлкесі 20-30 теңгеге қымбатырақ дейді тұрақтандыру қорының өкілдері.

Қайсар Құрманәлиев, Атырау әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясының департамент директоры:

- Наубайханаларда жұмысшылардың жалақысы көтерілген. Екіншіден, жанаржағармай қымбаттады. Коммуналдық қызмет қымбаттады. Басқа да өнімдер қымбаттады ғой. Соның барлығы тоғыз теңгеге қымбаттатуға мәжбүр қылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде