{metadescription}
Журналистерді қолтырауынға теңеген депутат Самат Нұртаза кешірім сұрады
Журналистерді қолтырауынға теңеген депутат Самат Нұртаза кешірім сұрады

Журналистерді қолтырауынға теңеген депутат Самат Нұртаза кешірім сұрады

Депутат журналистерден кешірім сұрады. Мәжілісмен Самат Нұртаза өзінің әлеуметтік желідегі жазбасы үшін тілшілердің алдында ақталуға мәжбүр болды. Депутат сұхбат алуға асығатын журналистерді қолтырауынға теңеп жазба қалдырған.

Кейін жазбасын өшіріп, тілшілерден кешірім сұрады. Жануарлар әлемін жақсы көретін мәжілісмен мұның сәтсіз қалжың болғанын мойындап отыр.

Самат Нұртаза, Мәжіліс депутаты:

- Жаңа хабарлады, журналистер ренжіп жатыр деп. Енді қалжың түсінбесеңіздер, кешірім өтінемін. Жалпы адамзаттың өмірінде хайуанатпен байланыс өте көп. Соны салыстырмалы түрде философияда жазған едім. Бірақ оны түсінбесеңіздер, енді қайталанбайды.

Мәжіліс отырысына кіріп бара жатып, өзінің айтуынша, "өте жақсы көңіл күйде болған" депутат осындай жазба қалдырған. Ол бір күн бұрын қолтырауындар туралы бағдарлама көрген екен. Жыртқыш жануар Мара өзенінің ең таяз жерінде зебра мен гнуды күтіп отыратынынан әсер алған депутат, сүйтіп сұхбат алуға асығатын тілшілерді де жемтігін күткен сол қолтырауынға теңеп жазыпты. Тілшілерге мұндай теңеу, әрине, ұнаған жоқ. Мәжілістің бүгінгі отырысында мұның себебін Самат Нұртазаның өзінен сұрады. Жазбаны қалжыңдеп түсіндіруге тырысқанымен, депутаттың бұл әрекеті енді Әдеп кеңесінде қаралатын болады. Спикер Ерлан Қошанов та журналистер арасынан шыққан депутаттың бұл қылығына аң-таң. Жалпы соңғы уақытта жаңа депутаттардың этикасы үшін Мәжіліс төрағасына жиі жауап беруге тура келіп жүр. 

Ерлан Қошанов, Мәжіліс төрағасы:

- Нұртаза дедіңіз бе? Кімді, сіздерді қолтырауынға теңеп жүр ме? Неліктен? Ол өзі де кешегі сіздердің әріптестеріңіз қой. Әрине, қолтырауынға немесе басқа хайуанатқа теңеуге болмайды. Егер шынында сондай мәселе болатын болса, онда депутатқа ескерту жасалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде