{metadescription}
Атырауда үш адамды атып өлтірген азамат сотталды
Атырауда үш адамды атып өлтірген азамат сотталды

Атырауда үш адамды атып өлтірген азамат сотталды

Атырауда үш адамды атып өлтірген азаматқа үкім шықты. 30 жастағы сотталушы енді өмір бойы түрмеде отырады. 

Қанды қылмыс былтыр наурыз айында болған. Атырауға келген маңғыстаулық азамат көшеде тапаншадан оқ жаудырып, үш адамды атып өлтірген. Тағы бір жәбірленуші мүгедек болып қалды. Қылмыскердің мұндай қадамға баруына отбасылық жанжал түрткі болыпты. Яғни сотталушы үш баласы бар келіншекпен көңіл қосып бірге тұрған. Ал балалар өгей әкенің қол көтеретінін өз әкесіне айтып барған. Осыдан кейін екі тарап қаладағы Авангард ықшамауданда жолығып сөйлеспекші болған. Бірақ арты атысқа ұласып, қайғылы аяқталды. Сотта айыпталушының қылмысқа саналы түрде барғаны дәлелденіпті. Сондықтан ол өмір бойына бас бостандығынан айырылып отыр. Сондай-ақ сотталушы жәбірленушілердің әрқайсысына екі ай ішінде 10 миллион теңге көлемінде өтемақы төлеуге міндеттелді. Ал жазасын ерекше тәртіптегі түрмеде өтейді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде