{metadescription}
Горбуново тұрғындары ұңғыманың қайта іске қосылғанына қарсы шықты
Горбуново тұрғындары ұңғыманың қайта іске қосылғанына қарсы шықты

Горбуново тұрғындары ұңғыманың қайта іске қосылғанына қарсы шықты

Батыс Қазақстан облысындағы Горбуново ауылының тұрғындары мұнай ұңғымасының қайта іске қосылуына қарсы. Қара алтын іздегендердің кесірінен аумақ экологиялық апатқа ұшырайды деп қорқады.

Екі мыңыншы жылдары бұл маңда ұңғымалардан от лаулап тұрған еді. Сол кездерде төрт түлік мал қырылып, судағы балыққа дейін қырылды дейді ауыл халқы. 

Горбуново ауылы Оралдан отыз шақырымдай жерде орналасқан. Жүзге жуық шаңырағы бар елдімекен аумағына мұнайшылар көз тігіп отыр. 20 жылдай бұрын ұңғымалар орнатып, бұл маңда кешкілік от лаулап тұрыпты. Оның ақыры мал-жанға қауіп әкелген.

Альфия Өтеуова, Горбуново ауылының тұрғыны:

- Қай жылы екенін білмеймін, осы ұңғымалардан от шығып тұрды. Біздің сиырларымыз іш тастап, малымыз өле бастады. Өзендегі шабақтарға дейін қырылды. Үлкендердің қан қысымы көтеріліп, ауылда күлімсі иістен демалуға мүкіндік болмай кетті.

Тұрғындар экологтар мен шенеуніктерге арыз жазып, ақыры ол ұңғыманы жаптырған. Енді 20 жылдан аса уақыт өткенде қайта қоғамдық тыңдау ұйымдастырып, қара алтын өндіруді жоспарлап отыр екен. Ең жақын орналасқан ұңғыманың ауылмен арасы небәрі бір шақырым. Жергілікті жұрт ұңғыманың қайта іске қосылғанына үзілді-кесілді қарсы.

Ержігіт Бәкиев, заңгер:

- Сендердің зауыттарың биік қырда орналасқан. Ауыл төменде. Ұңғымадан от үш  күн жанады, қалған күндері сөніп тұрады дейсіңдер. Сонда үш күн бойы халықты уламақсыңдар ма?

Қоғамдық тыңдауға келген мұнайшылар тұрғындарды барынша көндірмек болды. Қара алтын қоры бар ма, жоқ па, алдымен соны зерттеуге мүмкіндік берілсе деп отыр. Ол үшін бәрібір ұңғыманы іске қосып, ауаға бөлінетін газды жағу керек.

Дәмір Бастаубаев, «Позитив инвест» ЖШС президенті:

- Біз озық үлгідегі жаңа технология қолданатын боламыз. Ешқандай қауіп болмайды. Тұрғындармен бірлесе жұмыс істеп, егер қандайда бір кесіріміз тиіп жатса, бірден ұңғыманы жауып тастай аламыз.

Тұрғындар мұнайшылармен мәміле жасағысы келмейді. Бұрын осы ұңғымадан аузымыз күйген деп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде