{metadescription}
Степногорда алтын дүкеніне жер астын үңгіп кіргендер ұсталды
Степногорда алтын дүкеніне жер астын үңгіп кіргендер ұсталды

Степногорда алтын дүкеніне жер астын үңгіп кіргендер ұсталды

Степногор қаласындағы алтын сататын дүкенді тонағандар ұсталды. Зергерлік дүкенге жер астын үңгіп кірген қос күдікті Астанада қолға түсті.

35 және 46 жастағы күдіктілер елордада жайбарақат қыдырып жүрген жерінде ұсталды. Бірақ құны 180 миллион теңгеге бағаланған алтын бұйымдар олардан табылмаған. Есесіне, үйінен  аса ірі көлемде ақша шықты. Соған қарағанда ұрланған алтынды сатып үлгерген дейді полицейлер.

Бір апта бұрын Степногорда алтын дүкені тоналған. Ұрылар зергерлік дүкенге еденді тесіп кіріп, түн ішінде алтын әшекейлерді қолды қылған. Осылайша әккі ұрылар дабыл тетігі қосылғанда келген күзет қызметінен де айласын асырып кеткен. Тергеуде күдіктілердің Степногор қаласына бірнеше рет келіп, жағдайды жан- жақты зерттеп алғаны анықталды. Қазір бұл іске қатысы болуы мүмкін басқа да күдіктілер мен алтынды сатып алғандар іздестіріліп жатыр. 

Сағындық Жантеміров, Ақмола облысы ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Бұл іске күдікті екі азамат Астанада ұсталды. Олардың бірі бұрын да дәл осындай қылмыс жасаған. Күдіктілерден ұялы телефондар, Степногор қаласына мініп келген көліктері тәркіленді. «Ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Екеуі де екі айға уақытша қамау абақтысына тоғытылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде