{metadescription}
Ауған соғысының ардагерлері наградаларын мемлекетке қайтарып беруі мүмкін
Ауған соғысының ардагерлері наградаларын мемлекетке қайтарып беруі мүмкін

Ауған соғысының ардагерлері наградаларын мемлекетке қайтарып беруі мүмкін

Ауған соғысының ардагерлері өз мәртебесіне мәз емес. Елдің түкпір-түкпірінен Шымкентте бас қосқан 200-ге жуық ардагер мемлекет тарапынан жасалатын қамқорлық жыл сайын азайып барады дейді.

Қазір елімізде 15 мыңға жуық ауған соғысының ардагері бар. Олардың 30 пайызы мүгедек. Қан майданнан аман келгендер жыл өткен сайын үкімет назарынан тыс қалып жатырмыз деп налиды. Өйткені бұрынғыдай тегін пәтер алу құқығы жойылған. Тіпті коммуналдық шығынның жартысын мемлекет төлемейтін болған. Жылына бір рет шипажайға берілетін жолдама да жоғалыпты. Ардагерлердің көбі еңбекке жарамсыз болғандықтан, медициналық сақтандыруы жоқ деп, ауруханаға да тегін қарала алмайтын көрінеді. Егер мемлекет тарапынан қамқорлық болмаса, ордендерді қайтарып береміз дейді жиналғандар.

Асқар Нәжіпов, Ауған соығысының ардагері:

- Біздің айтылған талабымызды орындамаса, құлақ салмаса, біз 7 мың ауған ардагері атынан 25 тамыз айынан бастап жылдың аяғына дейін акция жариялаймыз. Ол акция – барлық мемлекеттік наградамызды үкіметке қайтарып беру.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде