{metadescription}
Депутаттар Министрлер кабинетінің жабық жұмысына шағымданды
Депутаттар Министрлер кабинетінің жабық жұмысына шағымданды

Депутаттар Министрлер кабинетінің жабық жұмысына шағымданды

«Үкімет есеп берсін». Бүгін Мәжіліс депутаттары Министрлер кабинетінің жабық жұмыс істейтінін айтып, шағымданды. Парламентке келіп жемқорлықпен қалай күресіп жатқанын айтсын деп талап етті мәжілісмендер.

Нұрлан Әуесбаевтың айтуынша, сыбайлас жемқорлық тек экономикамызға емес, жалпы қоғамға үлкен залал келтіріп жатыр. Соның салдарынан жолдар сапасыз, мектеп, аурухана, тұрғын үй кешендерінің құрылысы аяқталмаған. Бәрінің түбінде ұрлық схемасы бар. Күні кеше бір ғана Талдықорғанда бюджет ақшасын жеген бухгалтердің байлығы қазақстандықтарды таң қалдырған. Оның үйінен екі миллиард теңге ақша табылып, 14 пәтері бар екені анықталған. Алматы қаласында «Арт Спорт» жобасы бойынша бөлінген ақшаның шамамен екі миллиарды белгісіз біреулердің қалтасында кеткен. Осындай мысалдар келтірген депутат Әуесбаев, бұл ақшаның қайда кеткенінің ешқашан ашылмайтынына қапалы.

Нұрлан Әуесбаев, Мәжіліс депутаты:

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы Парламентте болсын, Үкіметте болсын, өздерінің есебі бар. Бірақ олар іс жүзінде қалай жүзеге асырылып жатқанын, ол не бітірді, не қойды, оны айтпайды. Сондықтан менің қойған депутаттық сауалым Үкімет өзінің атқарған жұмыстары туралы Мәжілістің алдында есебін беріп т ұру керек. Ол жұмыс қалай жүріп жатыр, қалай бітірді, не бітірді, шын мәнінде қандай бағытта? Өмірде көрсеңіздер ешқандай осындай есеп жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

05 қазан

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде