{metadescription}
Петропавлда төтенше жағдай – өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі
Петропавлда төтенше жағдай – өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Петропавлда төтенше жағдай – өрттен зардап шеккендерге көмек көрсетіледі

Петропавлда техноген сипаттағы төтенше жағдай жарияланды. Қала билігі осымен өрттен зардап шеккен 11 отбасыға қаржылай көмек көрсетпекші.

Осыдан төрт күн бұрын «Береке» шағын ауданында қамыс өртеніп, тілсіз жау 11 баспананы шарпыған. Далада қалған тұрғындар қазір уақытша пәтерлерде тұрып жатыр. Кейбірінің дүние-мүлкімен қоса құжаттары да өртеніп кеткен. Қазір әкімдік соны қалпына келтіруге қолғабыс етуде. Ал құжаты барлар 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміндегі бір реттік өтемақы алуға өтініш беріп үлгерген. Енді бағалаушылар өрттен келген шығын көлемін есептеп жатыр. Қалада төтенше жағдай жариялау арқылы тұрғындарға заңды түрде қаржылай көмек көрсетуге мүмкіндігіміз бар дейді жауаптылар.

Эльмира Сәдуақасова, Петропавл әкімінің баспасөз хатшысы:

ТЖ режимі бізге материалдық шығынды тездетіп есептеп, тездетіп зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін қажет. Мемлекеттік сатып алулар, конкурстық процедуралар бірнеше айға созылатын дүние. Ал біз осы ТЖ режимі аясында келісімшартқа отырып, жұмысты бастаймыз.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде