{metadescription}
Кербұлақ ауданыны Малайсары бекетінің жолын дұрыс жөндемегендер жауапқа тартылады
Кербұлақ ауданыны Малайсары бекетінің жолын дұрыс жөндемегендер жауапқа тартылады

Кербұлақ ауданыны Малайсары бекетінің жолын дұрыс жөндемегендер жауапқа тартылады

Жолды дұрыс жөндемегендері үшін жауапқа тартылады. Жетісу облысында қар суы шайып кеткен жолдың жағдайын тексерген прокурорлар қылмыстық іс қозғады. Осыдан екі ай бұрын Кербұлақ ауданында Малайсары бекетіне бастайтын жолдың жартысы опырылып жарамсыз күйге түскен.

Прокурорлар тексеру барысында заңнын өрескел бұзылғандығын анықтаған.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, асфальт әр жерінен жарылып бөлшектелген. Қадағалаушы органның мәліметінше, қар суының бағыты, оның бұру кезіндегі өткізу жайы есепке алынбаған. Сорақысы сол, мұнда ағымдағы жөндеу деген желеумен жұмыс заңсыз жүргізілген. Оның салдары айтпаса да көзге ұрып тұр. Облыстық прокуратура тергеу басталғанын айтқанмен, нақты кімнің кінәлі екені жайында тіс жармады.

Ләйлім Әбілмәжінова, Жетісу облысы прокурорының көмекшісі:

- Прокуратура тарапынан бірден тиісті шешім қабылданып, тексеріс тағайындалды. Автомобиль жолын салудағы өрескел заңбұзушылық анықталды. Мемлекеттік органдардың лауазымды қызметкерлерінің  әрекетінен ауа ірі залал келтіруден қылмыстық құқықбұзушылық белгісі анықталды. Осы дерек бойынша ҚР Қ-нің «лауазымды өкілеттіктерді теріс пайдлану» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде