Сол жағалаудағы "Еуропа сити" кешені өртенді – Астана
Астанада құрылысы жүріп жатқан көпқабатты тұрғын үй өртенді. Тілсіз жау сол жағалаудағы "Еуропа сити" кешенінде тұтанған.
Автор: Мерей Қалиасқар
11.05.2023
Өрт сағат түскі үш шамасында басталған. Әбу-Даби Плаза кешеніне қарсы тұрған "Орда инвест" компаниясына қарасты құрылыс аумағында битум мен мен үйдің сыртқы қаптамасы жаныпты. Құрылысшылар өртке электр желісінің қысқа тұйықталуы себеп болғанын айтады. Компания әлеуметтік желіде "ғимаратқа еш зақым тимеді, жұмыс қайта жанданды" деп қана мәлімдеме таратты. Оқиға орнына дереу жедел жәрдем мен өрт сөндіру көліктері жеткен. Тілсіз жау 20 минуттың ішінде сөндірілген.
Әділхан Талдыбаев, Өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары:
- Ең бірінші алты өрт сөндіру бөлімі келіп жетті. Келген уақытта пандуста битум заттары жанып жатқан. Өрт екінші қабатқа таралған. Зардап шеккендер жоқ. Өрт толық жойылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!