{metadescription}
Төгілген топырақ пен битум қоймалжыңына үй жануарлары батып жатыр – Павлодар
Төгілген топырақ пен битум қоймалжыңына үй жануарлары батып жатыр – Павлодар

Төгілген топырақ пен битум қоймалжыңына үй жануарлары батып жатыр – Павлодар

Павлодар қаласының тұрғындары ауыл іргесіне тас аралас топырақ үйіп, битум төгіп тастаған кәсіпкерді жауапқа тартуды талап етуде. Наразы жұрттың сөзінше, жол құрылысына қажет қоймалжыңға үй жануарлары батып, шетінен қырылып жатыр екен.

«Енді балаларымыз түсіп кете ме» деп алаңдаған бұқара биліктен қолдан жасалған қоқыс алаңын сүріп тастауды сұрап отыр.

 Асфальт шығаратын зауыты бар жергілікті кәсіпкер бос жатқан алаңға тас аралас топырақты үйіп тастаған. Оның арасында битум да бар. Құрылысқа қажет сұйықтық ыстық күнге еріп, жан-жануарлардың өліміне себеп болып жатыр. Айнала мал өлекселеріне толған. Ал бұл жағдай жұрттың сөзіне нақты дәлел болды.

Тұрғындар битумға ойын баласы батып кете ме деп алаңдайды. Сондықтан биліктен үйінділерді сүріп тастауды талап етіп, талай мәрте шағым айтқан екен. Алайда жұрттың уәжіне құлақ асқан ешкім болмапты.

Игорь Смирнов, Павлодар қаласының тұрғыны:

- Бұл мәселені әлеуметтік желіге шығарған, шененіктер назар аударғандай болды. Олардың сөзінше, бұл жерге қоқыс уақытша төгілген. Кейін ауылдың жолдарын жөндеуге қажет болуы мүмкін дейді. Қараңыздар, битум езіліп жатыр. Жануралар өліп жатыр. Негізі бұл маңға еш нәрсе төгуге болмайды.

Әкімдік жұрт шулағаннан кейін айналаны битумнан тазартуға кірісіп кетті. Шенділердің сөзінше, төгілген қоқыс қалдықтары емес, құрылысқа қажет топырақ. Ал битум еріп кетеді деп ойламадық дейді.

Сырым Раушанов, Павлодар ауылының әкімі:

Асфальт зауыты бар кәсіпкерге екі гектарға жуық жер тиесілі. Бірақ оған жер жетпей, тағы 25 сотық телімді қолданысқа алған. Сол жерге құрылысқа қажет топырқты төгіп жатыр. Бірақ бизнесмен ешкімнен рұқсат алған емес. Төгеді, қайтадан жинап кететін. Ешкімге зияны тимеген еді, жануарлар өлімі де болмаған.

Атқамінер мәселені дереу шешуге уәде етті. Жақын күндері бір түйір тас қалдырмай тазартамыз деп сөз берді.

Қоқыс полигоны да жұрттың бас ауруына айналған. Тұрғындардың сөзінше, тағы бір кәсіпорын қолданыста болған зиянды жарық шамдарын тастайды екен. Оның денсаулыққа кері әсері барын айтқан бұқара бизнесменді жазаға тартуды сұрайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.