{metadescription}
Ақтауда көпқабатты үйде бетон опырылып, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды
Ақтауда көпқабатты үйде бетон опырылып, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Ақтауда көпқабатты үйде бетон опырылып, бір адам қаза тауып, екеуі жарақат алды

Ақтауда көпқабатты үйдің кіреберісіндегі бетон жабынды опырылып, бір адам көз жұмды. Тағы екі науқас жарақат алған. Үйінді астында қалған үш адам – тұрғын үйді күтіп ұстайтын пәтер иелері кооперативінің қызметкері.

Оқиға бүгін күндізгі сағат 12 жарым шамасында болған. Пәтер иелері кооперативінде жұмыс істейтін үш адам тұрғындардың өтінішімен кіреберістегі құлайын деп тұрған жабындыны жөндеп жатқан. Сол сәтте бетон маңдайша құлап, екі жұмысшыны басып қалған. Ауыр жарақат алған 53 жастағы азамат оқиға орнында тіл тартпай кеткен. Ал 29 және 48 жастағы екі науқас дереу ауруханаға жеткізіліпті. Куәгерлердің айтуынша, жұмысшылар ешқандай қауіпсіздік ережесін сақтамаған.

Қайрат Нұрәлиев, Маңғыстау облысы көпбейінді аурухананың бөлім меңгерушісі:

- Ауруханаға екі науқас жеткізілді. Бірінші науқас 1975 жылғы. Ол травмпунктке келді. Сол жерден травматолог қарап, амбулоторлық емге жіберілді. Тобығы, қолы солының сіңірі созылған. Жағдайы қалыпты. Екінші науқас жедел жәрдеммен біздің қызыл аймаққа келді. Травматолог, нейрохирург қарап, тексерістен кейін травматология бөліміне жатқызды. Балтыр сүйегі сынған екен. Оған ота жасалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде