{metadescription}
Елшібек батыр ауылында мектеп жоқ – Түркістан облысы
Елшібек батыр ауылында мектеп жоқ – Түркістан облысы

Елшібек батыр ауылында мектеп жоқ – Түркістан облысы

Түркістан облысындағы оқушылар мақташыларға арналған жатақханада оқып жатыр. Ордабасы ауданындағы Елшібек батыр ауылында білім ошағы атымен жоқ.

Ескі жатақхана ғимаратын мектепке айналдырған. 208 бала білім алатын нысанда асхана, акті залы мен спортзал да жоқ. Жарты ғасыр бұрын іргетасы қаланған ғимарат та әбден ескірген. Іші-сырты дымқыл тартып көгере берген соң, мұғалімдер жыл сайын жөндеу жүргізуден жалыққан. Сондықтан ауыл халқы жаңа мектеп салып беруді сұрайды.

Ғимарат 55 жыл бұрын мақташылардың жатақханасы ретінде салынған. Жаз бен күзде диқандар жататын орын көп ұзамай білім ошағына айналыпты. Қазір мұндағы жеті бөлмеде 208 оқушы білім алуда. Бірақ мектеп деген аты болмаса, ғимаратта оқу бөлмелері жеткіліксіз. Ескі ғимарат мұғалімдердің күшімен әрең тұр екен.

Әбдіуақап Дінислам, мұғалім:

- Қатты аязда ішінің бәрі көгеріп, иістеніп, тыныс алуға өте қолайсыз.  Көгерген соң жыл сайын мұғалімдер өздері жөндейді. Үштөрт рет әктемесек, өзінің түсі қалпына келмейді.

Ауылда оқушы саны көбейген соң, жанында тұрған бір қабатты үйді де оқу корпусы қылған. Бірақ төбесі ойылып, қабырғасы қақыраған соң, оны да жауып тастаған.

Төрткүл төбе мектебінің ғимаратында әуелде бастауыш сыныптар оқыған. Сонымен бірге зертхана, кітапхана мен мейірбике осында отырған. Бірақ көне ғимарат 2012 жылы апатты деп танылып, жабылған. Онымен бірге оқушыларға қажет зертхана, медициналық кабинет бірге жоғалды.

Ауылға 2018 жылы шенеуніктер мектеп салып бермекші болған екен. Бірақ шалғайдағы өзен жағасына салынады деген соң, оқушыларға қолайсыз әрі қауіпті деп, халық қарсы шыққан. Оның орнына тұрғындар мектеп құрылысына деп, ауылдың дәл  ортасынан өз жерін ұсыныпты. Бірақ бес жылдан бері оқушыларға ыңғайлы, дайын тұрған жерге шенеуніктер жоламайды дейді күйінген ата-аналар.

Рамазан Әбдіманап, Ордабасы ауданының тұрғыны:

- Уәдені қатырып тұрып береді, «ойбай, ендігі жылға» деп, 2021, 2022 жылға анық түседі дейді. Ол кезде Батыршаев еді, ол кезде түскен жоқ. Бадырақов мырза былтыр әкім бола салысымен осы ауылға келді, осы мектеп мәселесімен өзім айналысамын, биыл мектеп салуды  бастаймыз деген. Ол уәденің өзі ұмытылып бара жатыр. Қазірдің өзінде осы жылдың күзіне түссе түсті, түспесе, 2024 жылдың басына деп, ол кісі де екі сөйлеп отыр.

Аудандық білім бөлімінің өкілдері ауылдың ортасына түсетін мектеп құрылысының құжаттары үш жыл бұрын дайындалған дейді. Алайда Облыстық құрылыс пен білім басқармасы мектеп қажет екенін жақсы білгенімен, мәселе қаржыға тіреліп тұр деп ақталды.

Мұхитбек Сәрсенбеков, Ордабасы ауданы Адами әлеуетті дамыту бөлімінің әдіскері:

- Қазіргі дайын жобаның құны 981 миллион. Ал енді қазіргі нарық бағасымен қайта есептеу керек. Себебі 2021 жылғы бағамен қазіргі бағаның материалы сәйкес келмейді ғой, құрылыс материалдары.  Сондықтан қайта есептейді, құрылыс басқармасы. Сол басқарманың құзырында.

Ақша биылға бөліне ме, жоқ па, ол жағы әлі белгісіз. Бұл құрылыс басқармасы мен мәслихат депутаттарының құзіретінде. Егер қажет қаражат қаралмаса, 208 оқушы ескі жатақханада қысылып-қымтырылып оқуға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде