{metadescription}
Автосалондарда көліктің қосалқы жабдықтарын мәжбүрлеп сатып жатыр  
Автосалондарда көліктің қосалқы жабдықтарын мәжбүрлеп сатып жатыр  

Автосалондарда көліктің қосалқы жабдықтарын мәжбүрлеп сатып жатыр  

Автосалон қызметкерлері қосалқы жабдықты мәжбүрлеп сатуда. Тұтынушылар құқығын қорғау комитетінің сенім телефонына әсіресе алматылықтардан осындай шағым көп түсетін болған. Көлікпен қоса жарты миллионға жуық теңгеге майда-шүйде жабдық сатып алуға клиентті міндеттеу – заңсыз дейді жауапты мамандар.

Жаңа көлікті сатып аларда қосымша аксессуарларды орнату тек тұтынушының келісімімен ғана жүзеге асырылуы керек. Осылайша күн сайын түсетін қоңыраулардан соң, комитет қызметкерлері мониторг жүргізіпті. Айтуларынша, автосалондарға қатысты жұрт шағымы бірдей. Барлығы жаңа көлікті көрсетілген бағадан анағұрлым қымбат алып жатқан көрінеді. Яғни қосалқы жабдықтардың құны базардағыдан екі есе қымбат. Сондағы автодилерлердің ұсынатын тауары көлік дабылы, төсеніші, қозғалтқыш қорғаушысы, терезесін қараңғылайтыны мен орындық қаптауыштары екен. Ал бұларды мәжбүрлеп сату – тұтынушы құқығын таптау дейді жауаптылар. Бұл заңмен қорғалғанын да айтып отыр.  

Нұрлыбек Бимұрзаев, Тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысының орынбасары:

- «Тұтынушы құқығын қорғау туралы» заңының 42-де 4-бабына сәйкес, егер автосалон «қалай да біздікін аласың» десе, наразы хат жолданады. Сотқа дейінгі наразы хат, яғни тұтынушы мен сатушының ортасындағы. Егер заңға сәйкес, 10 күнде жауап бермесе, онда ол бүкіл құжатын дәлелдеме құжатын, келісімшартын әкеліп, департаментке шағымдануға құқылы. Сол арқылы тексеріс жүргіземіз. Одан кейін біз кемшіліктерді жою туралы хат жолдаймыз. Егер де оған салон келіспей жатса, үшінші саты – сотқа шағымдану.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде