АҚШ-тан жеткен сәлемдеменің ішінен есірткі шықты
Адамнан айла артылған ба? АҚШ-тан жеткен сәлемдеменің ішінен есірткі табылды. Бір топ адам жымысқы әрекетін жүзеге асыру үшін тыйым салынған затты ойыншықтың ішіне жасырыпты.
Автор: Асқарбек Қазанғап
12.05.2023
Халықаралық пошта арқылы мұхит асып, алдымен Алматыға жетіп, ары Астанаға жөнелтілген. Сыртынан қарасаң, қорап күдік туғызбайды. Дегенмен рентген құрылғысынан өткізген кезде тексерушілер бір гәптің барын байқаған. Ішінен кептірілген марихуана шықты. Жалпы салмағы 500 грам. Ойыншықпен алдамақ болып осылайша от басқан азаматтар сәлемдемені қабылдау-тапсыру кезінде қолға түсті.
Әлібек Әбділов, ҚР ҚМА ресми өкілі:
- Иіс жою мақсатында есірткі заты герметикалық пакеттерге оралып, басқа зат түрінде АҚШ-тан Алматыға жіберіліп, одан әрі Астанаға жөнелтілген. Жедел іздестіру нәтижесінде есірткі заты бақыланатын жөнелтілімі жүргізілді. Бұл тауарға тапсырыс берушілердің ізіне түсуге мүмкіндік берді. Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етілмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!