{metadescription}
0:000:00
Астанада маңдайшалар мен сыртқы жарнамалар жаппай алынып жатыр, себебі ...

Астанада маңдайшалар мен сыртқы жарнамалар жаппай алынып жатыр, себебі ...

Астанада қаланың дизайн-кодына сәйкес келмейтін маңдайшалар мен сыртқы жарнамалар жаппай алынып жатыр. Мамандар бұл жұмысқа кешелі бері кіріскен.

Яғни сыртқы жармана билбордтарының көлемі, түсі, тіпті шрифті әкімдік бекіткен талапқа сай келмесе – алынады. Арасында талап түгілі, ешқандай рұқсат етілмегені де жетерлік. 

Бас қала көшелерінде қызылды-жасылды рұқсатсыз ілінген жарнамалар жиі кездеседі. Заңсыздыққа жол бере отырып, кәсібін дөңгелеткендерге жұмыс тобы айыппұл төлеуді міндеттемейді. Тек заң жүзінде ескерту жасап, оны алып тастау қажеттігін хабарлайды. 

Бірақ хабарлама бәріне бірдей жетпеген сияқты. Мәселен, сұлулық салонында істейтін Бақыт Байкенова «естімедім» деп аң-таң.

Бақыт Байкенова, шаштараз:

Мұндай хабарландыру болған жоқ. Жаңа келді де, шешеміз деді. Біздікі үстінде болды. Мүмкін содан алып тастаған шығар деп ойлаймын. Негізі ойлағанмын, бәрінікін алатын шығар деп. Қарасақ, алмаған.

Десе де естімей қалу жауаптан құтқармайды. Қаланың Сәулет, Қала құрылысы басқармасының өкілдері мен сарапшы мамандардан құралған топ кешелі бері елорданың барлық ауданында талапқа сәйкес келмейтін жарнамаларды алып тастап жатыр. Бұған кәсіп иелерінің түрлі-түсті баннерлері мен алып маңдайшалары себеп. Осындай сыртқы жарнамаларды ретке келтіріп, біркелкі етуді мақсат еткен әкімдіктегілер біршама кедергіге тап болған.

Елнар Базыкен, Астана урбанистика орталығының басшысы:

- Қаланың сәулетін айқындайтын құжат, яғни дизайнкодқа сәйкес дүкен терезесіне ештеңе жапсырылмауы тиіс. Маңдайшалар тек бір сызықтың бойымен үстіңгі бөлікте орналасуы керек және тұрғын үйдің түсіне сәйкес болуы керек. Көбіне бояуы қанық, ашық түсті пайдалануға болмайды. Әріптері мен жарнаманың жалпы өлшеміне баса назар аударылады. Ал біркелкі етуден бас тартқандар тек ескертумен шектелмейді. Жұмыс тобымен оларға қатысты қандай шара қолданатынымызды ақылдасамыз.

Ереже қала әкімдігінің сайтында жарияланған. Талапқа сәйкес, нысанның қасбетіне бірнеше ұйымның маңдайша жазуы қойылған кезде, белгілер бір қатарда, бір биіктік пен бір көлемде орналастырылады. Сондай-ақ шрифт те бірыңғай болуы шарт. Бұл жұмыс сауда орындарының қасбетінде орналасқан бейберекет жарнамалар алынып, үйлесімді стильде ретке келтірілмейінше, жұмыс жалғаса береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде