Шымкенттен шыққан пойыздың 18 вагоны аударылып қалған
Шымкент түбінде болған теміржол апатының себеп-салдарын анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Қазір «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері шойын жолдағы төңкерілген вагондарды тазалап жатыр.
Автор: Бек Әбиев
12.05.2023
Шымкенттен Арысқа бағыт алған жүк тасымалдаушы 56 вагонның 18-і аударылып қалған. Іші бос болған соң жерге ештеңе шашылмаған. «Зардап шеккендер де жоқ» - дейді «Қазақстан темір жолы» компаниясының өкілдері. Есесіне, шойын жолдан шығып кеткен вагондар электровоздарға қуат беретін 11 электр бағанасын құлатқан. Содан болар, Алматыдан Маңғыстауға қатынайтын жолаушылар пойызы кестеден біржарым сағатқа кешіккен. Қазір бүлінген шойын жол бүтінделіп, пойыздар өз кестесімен жүріп жатыр.
Нұрдәулет Байғазиев, ҚТЖ «Жүк тасымалы» Шымкент филиалының директоры:
- Электр бағаналарының 11 бағанасы болған. Соның жетеуін орнына қойып, теміржол электровоздарына қуат беретін электр сымын қалпына келтіріп жатырмыз. Бүгін кешкі сағат 21ге дейін электр қуаты толық беріледі. Бірақ ол жолмен пойыздар жүріп жатыр, тепловоздармен тасымалдап жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!