{metadescription}
Жаңажол зауытында өрттен қатты күйген екі мұнайшы қайтыс болды
Жаңажол зауытында өрттен қатты күйген екі мұнайшы қайтыс болды

Жаңажол зауытында өрттен қатты күйген екі мұнайшы қайтыс болды

Ақтөбе облысында зауыттағы өрттен күйік шалған мұнайшылардың екеуі қайтыс болды. Қалған екі жұмысшының бірі Ақтөбеде, екіншісі Астанадағы ауруханада ем алып жатыр.

Осыдан екі апта бұрын «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» компаниясына қарасты Жаңажол газ өңдеу зауытында өрт шыққан еді. Газ қондырғысынан тұтанған тілсіз жау 15 сағат дегенде әрең ауыздықталған. Осы апаттан төрт мұнайшы жарақат алған. Қатты күйік шалған үшеуін сол бойда Астанадағы ауруханаға санавиация көмегімен жеткізді. 55 және 51 жастағы мұнайшыларды дәрігерлер аман алып қала алмады. Екі апта жансақтау бөлімінде жатқан олардың беті бері қарамаған. Денелерінің 70 пайызы күйіп, тыныс алу жолдары зақымданыпты. Қазір марқұмдардың мәйітін Ақтөбеге жеткізу мәселесі шешіліп жатыр.

Рүстем Исаев, Ақтөбе облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

- Денелерін сотмедициналық сараптамаға беріп, қазір Ақтөбеге ұшақпен жеткізіледі Ақтөбеге. Бір науқас 67 жылғы, екінші науқас 71-ші жылғы. Осы күнге дейін жансақтау бөлімінде жатты. Бәрі емін қабылдады. Республикалық орталықта жатты. Профессорлар, үлкен мамандар қарады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде