{metadescription}
Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешбір дерек жарияланбайды
Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешбір дерек жарияланбайды

Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешбір дерек жарияланбайды

Кәрім Мәсімовке қатысты іс бойынша ешқандай дерек жарияланбайды. Өте құпия жағдайда тергеліп, үкім кесілген істің жәй-жапсарын жарияламау заңмен қарастырылған. Мемлекеттік құпияны ашқан адам түрмеге тоғытылады.

Ал 18 жылға сотталған Кәрім Мәсімовтің тәркіленген дүние-мүлкін сатумен сот орындаушылары айналысады.

Сәуірде Астананың ауданаралық соты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы мен оның орынбасарларын қаңтар оқиғасына қатысты кінәлі деп танып, бас бостандығынан айырған. Мәсімов үкімді қайта қарауды сұрап, апелляцияға беруге құқы бар. Бірақ әзірге ондай арыз түспепті. Ал жуырда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тағы 11 қызметкері сот алдында жауап беретін болады. Әртүрлі шендегі олардың ісі де тергеліп біткен.

Марат Қалқабаев, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары:

- Ұлттық қауіпсіздік комитетінде 11 қызметкер қылмыстық жауапкершілікке тартылып жатыр. Кейбір іс бойынша тергеу аяқталды, кінәлілер қылмыстық жауапқа тартылды. Бұл қылмыстық қудалауға байланысты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.