{metadescription}
0:000:00
Оралда жаңа ықшамауданның коммуналдық желісі жарамсыз болып қалған

Оралда жаңа ықшамауданның коммуналдық желісі жарамсыз болып қалған

Оралда жылу мен су құбырында апат болып, қалада төтенше жағдай жарияланды. Енді мұндағы үш жарым мың отбасы жаз бойы ыстық сусыз отырады. Ең қызығы, әлі он жыл болмаған жаңа ықшамауданның коммуналдық желісі жарамсыз болып қалған.

Айғаным Өтелаева, Орал қаласының тұрғыны:

- Тұрғындар ашынып отыр. Жаңа құбырларды жүргізген кезде басшылар қайда қараған? «Жайық жылу» мекемесі не істеген? Бұл құбырлардың жарамдылығына қатысты неге сараптама жүргізбеген? Құбырлар, кем дегенде 30-50 жыл бойы кәдеге жарап жатады. Ал біздің желіміз 7 жыл өтпей тозып бітті.

Оралдың шетіндегі Зашаған кентінің құрылысы осыдан 10 жылдай бұрын басталған. Содан бері мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған көпқабатты үйлер қаптады. Бірақ жаңа ықшамауданның коммуналдық жүйесі екі жыл бұрын сыр бере бастады. Ай сайын құбыр жарылып тұрғындарды әбігерге салды. Осы қыста жылу құбыры елу жерден жарылып, бүтін кент жылусыз қала жаздаған. Ақыры амалы таусылған әкімдік техноген сипаттағы төтенше жағдай жариялауға мәжбүр болып отыр. Осылайша екі жарым шақырымдық құбыр желісін жаңалап алмақшы. Шенеуніктердің сөзінше, кенттегі желіні жаңартуға жарты миллиард теңгедей ақша керек. Осы қаржыға құбыр жүргізетін мердігер іздеп жатыр. Жөндеу жұмыстарын 15 қыркүйекке дейін аяқтауы тиіс. Әкімдіктегілер коммуналдық желіні тарту үшін о баста дұрыс жоспарламағанын да мойындады. 

Жандос Дүйсенғалиев, Орал қаласы әкімінің орынбасары:

- Бұл жүйелер болаттан жасалған болатын. Бірақ лоток ішіне орналасқан. Жылу жүйелері сәйкесінше лотокқа су жиналу фактіге байланысты біздің болат материал көпке шыдамай қалып тұр. Тек 10 жылға төзді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде