{metadescription}
DamuBala платформасына өтініш қалдыру мұңға айналған
DamuBala платформасына өтініш қалдыру мұңға айналған

DamuBala платформасына өтініш қалдыру мұңға айналған

Тегін үйірменің шапағатын көрер күн туа ма? Алматыда мемлекеттік бағдарлама бойынша тегін спорт және шығармашылық үйірмелеріне тіркеле алмаған ата-аналар шу шығарды. Себебі: ArtSport-тың орнына ашылған DamuBala платформасынан ақау шығып, көбі кезекке тұра алмай қиналған.

Бұл жүйенің жұмысын мәжіліс депутаттары  да сынға алды. Миллиардтаған қаражатты тағы да маңдытпай, «Артспорттың» артын құшпасына кепілдік бар ма? 

Айнұр Оразымбетова тегін үйірмелерді қаржыландыру жалғасады деген жаңалықты естіп қуанғанын жасырмайды. Себебі, үш баласын ақылы секцияға беру қалтаға кәдімгідей салмақ түсіреді дейді келіншек. Ал асыға күткен DamuBala платформасына кіріп өтініш қалдыру мұң болып тұр.

Айнұр Оразымбетова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Үйірменің ешқайсысын таңдауға мүмкіндік болған жоқ. Сайт тіпті ашылған да жоқ. Екінші күні тағы мүмкіндік берілді. Ол күні де ашылмады. Бұл не деген сұмдық! Бір баланы «Даму бала» бағдарламасы бойынша кезекке қою үшін мен хакер жалдауым керек пе?

Айнұр сияқты ұл-қызын тегін спорт секциясы мен үйірмеге тіркей алмаған алматылық ата-аналар қала әкімдігінің алдына жиналды. Олар DamuBala порталы арқылы онлайн кезекке тұру нағыз азап деп ашулы. Өйткені жүйе ашылған уақыттан бері қайта-қайта істен шығып, өте баяу жұмыс істепті.

Бүбіхан Шәкиева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Бұлар «Даму бала» деп ашты. Бұның да шикі жақтары көп. Онлайн тіркеуге біреу кіріп жатыр. Біреу кіре алмай жатыр. Атааналар кірсін дейді. Ата-ана тұрмақ, IT мамандары кіре алмай жатыр. Балалар, әсіресе шет аудандағы балалардың барлығы тегін үйірмеге кірсін, талантын ашсын деген мақсат. Өте жақсы мақсат. Алайда осының жүруі Алматыда өте қиындық туғызып жатыр.

Спорт секциялары және өнерге үйірмелерінің жетекшілері де Алматы сында алып шаһарға қазынадан қаржы өте аз бөлінгенін жеткізді. Кәсіпкерлер Медеу, Алатау және Наурызбай аудандарында осы бағдарламаның шапағытан көре алмай жүрген жандардың қарасы өте көп дейді.

Анастасия Хмелевских, кәсіпкер:

- Алматыда 500 мың бала бар. «Даму бала» арқылы уақытша ваучерді тек соның 15 пайызы ғана алды. Өзіңіз ойлай беріңіз. Қаншама бала кезегін әлі күтіп жүр. Барлығына қаражат жеттпейді. Сосын спорт пен мәдениетке орын теңдей бөлінбейді. Бұл да әділетсіз. Орынды қалай бөлгендері де түсініксіз.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева да бүгін DamuBala платформасын сынға алды. Оның айтуынша, жан басына шаққандағы қаржыландыруды бөлу тәсілдерін түбегейлі өзгерту қажет.

Екатерина Смышляева, Мәжіліс депутаты:

- Бiр жауапты мемлекеттiк орган құрып, қосымша бiлiм беру қызметтерiн көрсетудiң бизнесүдерiсiн қайта қарау керек. Бірыңғай тәсілді ойлап табу қажет. Бірыңғай тарифтермен жан басына шаққандағы қаржыландыру меншік нысанына қарамастан барлық білім беру ұйымдары үшін жұмыс істеуі керек.

Жаңа платформаны әзірлеген компания өкілдері тіркеуге талпынған ата-аналардың қалың нөпірінен ақау болғанын айтады. Олар жүйені жетілдіру жұмысы жүргізіліп жатқанын жеткізді.

Сәуле Жұмажанова, DamuBala ақпараттық жүйесінің әзірлеушісі:

- Жүйеге қайталанатын бір реттік сұраулардың саны секундына 600 мыңнан асып жығылды. Сосын платформаның жұмысы баяулады, өйткені ол мұның барлығын шабуыл немесе боттың сұрауы ретінде қабылдап, соған сәйкес әрекет етті. Платформа істен шығып кеткен кездер де болды. Біз қазір барлығын тексеріп жатырмыз. Мақсатымыз жүйенің жұмысын жақсарту.

Даумен басталған DamuBala арқылы биыл Алматыда бас-аяғы 65 мыңнан астам бала тегін үйірмеге қатысу мүмкіндігіне ие болды. Оған мемлекет бюджетінен 16 миллиард 200 миллион теңге бөлініпті. Ал ақысыз секцияға жолдама ала алмаған ұл-қыздардың ата-анасына кезегін күтуден басқа амал жоқ. Егер биыл орын босамаса, олар бағдарламаға тек келесі жылы қатысады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде