{metadescription}
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық форум өтті
Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық форум өтті

Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық форум өтті

Ата-аналар қауымы жас ұрпақты тәрбиелеу мәселесі бойынша күш біріктіруге шақырады. Бүгін Астанада «Ұрпақтар сабақтастығы» атты республикалық форум өтті. Жиынның басты мақсаты – отбасы институтын нығайту.

Қазіргі таңда өскелең ұрпақ арасындағы түйіткілді мәселе жетіп артылады. Мәселен, жыл басынан бері кәмелетке толмаған  балалардың арасында 47 суицид дерегі тіркелген. Форумда сөз алған Президент әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаеваның айтуынша, құмар ойындарға әуес жастардың да қарасы күрт көбейген. Интернеттен төнетін қауіп те назар аударуды талап етеді. Ішкі істер министрлігі соңғы төрт айда 5 мыңнан астам шетелдік заңсыз ресурсты анықтаған. Сайып келгенде осы ұйыққа түсіп кетуден жеткіншектерді қорғау, қауіптің алдын алу қоғамға артылған үлкен жауапкершілік.

Форумға қатысушылар бала тәрбиесінде отбасы мен мектеп арасындағы байланысты нығайту, мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру қажеттігі туралы бірауыздан өз пікірін білдірді. Секция жұмысы алты бағыт бойынша ұйымдастырылып, соңында арнайы қарар қабылданды.

Аида Балаева, ҚР Президент әкімшілігі басшысының орынбасары:

- Отбасы мемлекеттің өзегі. Қуаттты қоғамның тірегі. Қоғамда бақытты жанұя көп болса, ол мемлекеттің келешекке деген сенімі биік. Сондықтан баршаңызға қуатты қоғамды құрушы отбасылар қатарынан көруді тілеймін! Еліміздегі әрбір шаңырақ шаттық пен сүйіспеншілікке бөленіп, ынтымақ пен берекеге толы болсын!

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.