{metadescription}
Алматыда жол бойына сәбиін тастап кеткен ана жазаға тартылды
Алматыда жол бойына сәбиін тастап кеткен ана жазаға тартылды

Алматыда жол бойына сәбиін тастап кеткен ана жазаға тартылды

Үлкен Алматы айналма жолының бойына баласын қалдырып кеткен ана әкімшілік жазаға тартылды. Арбадағы сәбиді кездейсоқ жүргіншілер тапқан.  Ал шешесі ұялы байланыс бар жерді іздеп кеткенін айтып ақталыпты.

Көпір астындағы қара жолда қараусыз қалған нәрестені тапқан адамдар аң-таң. Күн астында күйіп кетпесін деп, көліктеріне жатқызып өбектеген бейтаныс жанға балақай күліп те қояды. Айқайлағанмен, «әу» деп елең еткен ешкім болмаған соң, дереу полицияға қоңырау шалады. Абырой болғанда көп ұзамай баланың анасы табылды. Сөйтсе телефонның интернеті істемей, жолдың арғы бетіне шығып кеткен екен. Ақыл-есі дұрыс. Осы қылығы үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ернар Сайділдин, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Тәртіп сақшылары баланың анасына қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы, 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Баланың ата-анасымен түсіндірме сипаттағы профилактикалық әңгіме жүргізілді. ҚР ҚК мен Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің баптары туралы түсіндірме өткізілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде