{metadescription}
Құрылыс нарығы тоқырап барады
Құрылыс нарығы тоқырап барады

Құрылыс нарығы тоқырап барады

Еліміздің құрылыс нарығы тоқырау алдында тұр. Мамандар сала қорғансыздың күйін кешті деп дабыл қағып отыр. Қазірдің өзінде бірқатар құрылыс компаниясы қызметін уақытша тоқтатқан. Соның салдарынан жұмысшылардың тең жартысы қысқартылып, өндіріс көлемі күрт төмендепті.

Бір Астананың өзінде 31 жобаның құны өзгеріп, құрылысы сиырқұйымшақтанып кеткен. Ал баспанаға мұқтаждар қатары жыл сайын артып келеді. Бүгінде оның саны 4 жарым миллионға жетті. Құрылысшылар одағының төрағасы қолжетімді ипотекалық бағдарламаның жоқтығына байланысты биыл бар болғаны 72 мың тұрғын үйді сатып алу келісімі жасалғанынан айтады.

«7-20-25» бағдарламасы бойынша бөлінген қаражат бұқараның өтінішін әсте қанағаттандырмайды. Ал екінші деңгейлі банктердің пай үстемесі тым жоғары. Сайып келгенде құрылысшылар жұмыс тұралап қалмау үшін биліктен қосымша қаржы бөлуді сұрайды.

Талғат Ерғалиев, Қазақстан құрылысшылар одағының төрағасы:

- Былтырдан бері Ұлттық банктің мөлшерлемесі 16,75. Ал халыққа беріп жатқан екінші деңгейлі банктердің депозиты 17 пайыз. Сондықтан қазір қаражаттың айналымы нарықтан банктерге түсіп жатыр. Қолжетімді несие керек. «720-25» деген жақсы бағдарлама. Біз осындай қысқарған бағдарламаға қарсымыз...

Ал жауапты министрлік құрылысшылардың бұлай даурығуы жөнсіз деп санайды. Керісінше, құрылыс саласына биыл қомақты қаржы бөлінгенін алға тартты. Сәйкесінше құрылыс компанияларына талап та біршама күшейген. 

Азамат Бейісбеков, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі:

- Биыл әлеуметтік тұрғын үй құрылысының көлемі айтарлықтай өсті. Түркиядағы оқиғадан кейін біз құрылысқа қойылатын талаптарды қатайтып, тәртіпті күшейтеміз. Бұл барлығына бірдей жақпаған сияқты. Десе де бұл өте маңызды. Онсыз да салдарын көрдіңіздер ғой. Бірінші кезекте азаматтарымыздың қауіпсіздігі болуы керек. Министрлікте бір қолымызбен құрылысты тұншықтырып, бір қолымызбен дамытып жатырмыз деп айта алмаймыз. Барлығы жанжақты қарастырылған. Құрылыс көлемін қысқартуға тікелей бағытталған шаралар жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде