{metadescription}
СҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді
СҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді

СҚО-да есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Солтүстік Қазақстан облысында ең ірі есірткі партиясы тәркіленді. Күдіктілер жол бойында тоқтатқан тәртіп сақшыларынан қашып құтылмақ болған.

Полицейлер Петропавл - Астана жолында Volkswagen Passat көлігін тоқтатқан. Алайда жүргізуші бұйрыққа бағынбай, жол бойындағы ауылға бұрылып, елдімекен ішінде жасырынып қалуды ойлапты. Оларды Аққайың ауданындағы Астарханька ауылына дейін қуып барған. Сол жерден тоқтатып, көліктің жүк салғышын тексергенде, бес қапқа салынған марихуана табылды. Бұдан бөлек, гаражға жасырған 300 келіден аса есірткі тәркіленді. 20 және 30 жастағы күдіктілер тергеліп жатыр. Олардың бірі бұрын да есірткіге қатысты қылмыс жасағаны үшін істі болған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.