{metadescription}
Ертістің суы тартылып, флора-фауна мен мал шаруашылығына қауіп төнді
Ертістің суы тартылып, флора-фауна мен мал шаруашылығына қауіп төнді

Ертістің суы тартылып, флора-фауна мен мал шаруашылығына қауіп төнді

Павлодар облысының балықшылары биыл құралақан қалғалы тұр. Сонымен қатар өңірдің мал шарушалығына да қауіп төнген. Себебі Ертіс өзені тартылып жатыр екен. Қыста қар жұқа түсіп, өзен арнасының жартысы ғана толған.

Осыған орай экологтар да дабыл қағуда. Бұлай жалғаса берсе, қоршаған ортаға зиян келіп, судағы тіршілік иелері мен өсімдіктер құрып кетуі мүмкін дейді.

Байырғы балықшылар бұл проблема тек бүгін пайда болған жоқ дейді. Жыл өткен сайын өзендегі су төмендеп келеді. Балықшылар қармаққа ірі балық түскеніне қарамастан, аулағанын өзенге қайта жіберетін болған. Өйтпесе ертең ұстайтын су жәндігі қалмайды дейді. .

Евгений Лежнин, балықшы:

- Соңғы екі үш жылда балық та, былқшылар да азайды. Тағы бір үш жыл осылай жалғасса, қармағымызды қабырғаға іліп қоятын шығармыз. Амал жоқ, балығы бар басқа өңірлерге ат арытып жолға шығуға тура келеді.

Балық аулау спорт түрі екенін де ұмытпаған жөн дейді мамандар. Балық болмаса, турнирлер де өтпейді, туристер де азаяды. Онымен қоса экология да зардап шеккелі тұр. Ертіс суының тартылуы тегіс Павлодар облысындағы флора мен фауна дамуын да шектейді. Қызыл кітаптағыларына да қауіп төнген. 

Марина Поух эколог:

- Жемтігі болмаса, бұл өңірге құс та ұшып келмейтін болады. Қызыл кітаптағы құстардың қоректенетін  итмұрынның бір түрі Ертіс жағасында өседі. Ол да Қызыл кітапта. Осының барлығынан айырылып қалғалы тұрмыз.

Шенеуніктер биыл қыста қар қалың түспеді деп отыр. Сондықтан  өзеннің 40-60 пайзыға ғана толатынын ескеріпті. Ертіске шабақ жіберудің бюджетін өсіріп, балыққа қырғидай тиетін суқұзғұндардың көзін құрту қарастырылған екен.

Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысының жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурсы басқармасының бөлім басшысы:

- Күзде балықтарды сақтап қалу жұмысы жүргізіледі. Бұған бюджет қаражаты дайын. Шабақтарға 30 миллион, суқұзғындар санын шектеуге 20 миллион теңге, ал балық түрін сақтауға 40 миллоин теңге қарастырылған.

Балықтардың жайы бюджет есібінен реттелсе, нәрсіз қалған жердің мәселесі қиын. Өйткені былтыр ғана суы көлкіп жатқан шабындық алқаптартың шаңы шығып жатыр. Мұндағы шөп көктемей жатып күйіп кететін түрі бар. Мал азығы азайған жерде шаруа қожалықтарына да тықыр таянғалы тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.