Ақтөбе облысында ірі жол апаты – Өзбекстанның екі азаматы қаза тапты
Ақтөбе облысында ірі жол апатынан екі Өзбекстан азаматы қаза тапты. Олар еліне кетіп бара жатқан екен. Ал жарақат алғандар арасында бес жасар бала бар.
Автор: Жаңалық Ахаш
17.05.2023
Құралбек Шарбақов, Хромтау ауданы полиция бөлімінің бастығы:
- Toyota және Chevrolet автокөлігі соқтығысып, нәтижесінде екі адам қаза тапты. Бес адам аудандық ауруханаға түсті. Сондықтан жүргізушілер назарына: жолда абай болыңдар!
Бетпе бет соғысқан қос көлік те қатты бүлінген. «Шевролет» көлігіндегі өзбекстандық жүргізуші мен жолаушы сол жерде тіл тартпай кеткен. Тағы сол көліктің үш жолаушысы Хромтаудағы ауруханада жатыр. Ал «Тойотада» ерлі-зайыпты бес жасар баласымен бірге келе жатыпты. Көлікті тізгіндеген ері мен жанында отырған әйелін құтқару жастығы аман алып қалыпты. Олар да жарақат алып, отбасымен ауруханада емделуде. Дәрігерлер осы жол апатынан жедел жәрдеммен жеткізілген екі науқастың жағдайына алаңдап отыр. Қазір олар жансақтау бөлімінде жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!