{metadescription}
Қарағандыда өртенген көппәтерлі үйдің тұрғындары далада қалған
Қарағандыда өртенген көппәтерлі үйдің тұрғындары далада қалған

Қарағандыда өртенген көппәтерлі үйдің тұрғындары далада қалған

Қарағандыда көппәтерлі үйдің шатырынан өрт шығып, тоғыз отбасы далада қалды. Себебі: баспаналар бір-біріне жапсарлас салыныпты. Төбе жабындысы түгел өртеніп, қабырғалары да опырылған.

Мұнда  барар жер басар тауы жоқтар тұрады. Қамыққан қараша үйінді маңындағы қора-қопсыны паналап жүр. Өткен-кеткенге жәутеңдеп, қорғансыздың күйін кешкендерге қала билігі көмек беруге асықпай отыр. .

Виктор Нефедов тілсіз жаудан кемпірін құтқарам деп жүріп, бетін оңбай күйдіріп алған. Екі күннен бері оның тұрағы үйге тиіп тұрған гараж. Әйелін туыстарына жіберіп, өзі үйіндіні күзетіп қалған.

Виктор Нефедов, Қарағанды тұрғыны:

- Туыстарымның үйіне бара алмаймын. Гаражда жата береміз. Күн жылы ғой. Қыс емес. Оның үстіне ашықшашық жатқан дүние-мүлкімізді тастап қайда барамы? Көмекке зәруміз.

Баспанадағы өрт екі күн бұрын болған. 60 жыл бұрын ағаштан салынған баспана демде отқа ораныпты. Өртті сөндіруге ү сағат кеткен. 700 шаршы метр аумақ күлге айналды. Көппәтерлі үйдің бір басынан басталған өрт алдымен шатырға жайылған. Одан кейін ағаш қабырғаларымен пәтерлерге жеткен. Енді үйдегі баспананың барлығының төбесі опырылып тұр.

Бірінші пәтердің тұрғыны Саян екі күннен бері қираған баспанасын қалыпқа келтіріп әлек. Шамасы жеткенше құрылыс материалын алып, жолдас-жорасымен қираған баспанасын жөндеген болып жүр. Қалғандарының бұған да қауқары жоқ. 

Саян Берік, Қарағанды тұрғыны:

- Өрт болып жатқан кезде бір жігіт жазып алған нөмірді, соған хабарластық. Ол: «Ешқандай көмек болмайды, күтпеңдер», деді. Басқа ешкім келген жоқ. Жәй келеді, қарап-қарап кетеді. Далада қалдық. Көршілер қорада қонып жатыр, шал мен кемпірлер. Көбі шал мен кемпір, олар өздері қалпына келтіре алмайды.  

Қала билігі үйіндіде қалғандарға көмек түгілі, жарытып түсінік те бермеді. Баспана жекеменшік, әркім өз қотырын өзі қасысын дейді. Сондықтан баспанасыз қалғандар әлеуметтік желі арқылы жұртқа алақан жайып отыр. Бір қызығы, өрт болған күні үйге өрт сөндірушілер екі рет келген екен. Алғашында түнгі 11-де бір өртті сөніреді. Баспананы күлге айналдырған екінші жалын түнгі бір жарымда тұтаныпты. Енді үйдің екі рет өртке орануын тергеу анықтауға тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

27 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.