{metadescription}
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-на ресми іссапары басталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-на ресми іссапары басталды

Қасым-Жомарт Тоқаевтың ҚХР-на ресми іссапары басталды

Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қытай Халық Республикасына ресми іссапары басталды. Көршілес ел Қазақстан тарабын бар сән-салтанатымен қарсы алды. Қытай басшысы былтыр жаһанды жайлаған пандемиядан кейін алғашқы сапарын Қазақстаннан бастаған.

Қазақстан мен Қытай мемлекеттері арасында дипломатиялық қарым-қатынас осыдан 30 жыл бұрын орнаған. Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде екі елдің ынтымақтастығы жаңа деңгейге көтерілді. Үш күнге созылатын сапарында Мемлекет басшысы Қытай Халық Республикасының төрағасы Си Цзиньпинмен көптеген келіссөз жүргізеді. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мұндағы әр күні маңызды кездесулермен өтпек.

Бүгін Президенттер  екі ел арасындағы стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайту, сауда және экономика, инвестиция, көлік-логистика, энергетика салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін қарастырады. Ал ертең Қытайдың ірі компания басшыларымен кездесу ұйымдастырылады. 19 мамырда Қасым-Жомарт Тоқаев «Орталық Азия –  Қытай» саммитіне қатысады деп жоспарланып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде