Алматыда үш бөлмелі пәтерді жезөкшелердің ордасына айналдырған
Үш бөлмелі пәтерді жезөкшелердің ордасына айналдырған. Алматыдағы Мамыр ықшамауданындағы көпқабатты үйдегі пәтерден жынойнақ орнын ашу үшін жалға алған азамат жауапқа тартылды.
Автор: Толғанай Қажығұмарова
17.05.2023
Тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келгенде, интим-салонда 9 қыз жұмыс істеп жатыпты. 19-26 жас арасындағы жеңіл жүрісті әйелдер Қазақстанның әр түкпірінен келген. Жезөкшелікпен айналысқандар тек Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Ал жыныстық қызмет көрсеткені үшін полицияның арнайы есебіне алынды.
Салтанат Әзірбек, Алматы ПД ресми өкілі:
- Жезөкшелікпен айналысу үшін пәтерді және қандай да бір ғимаратты жалға алу құқықты бұзу болып табылады. Бастапқыда әкімшілік заңнамасының аясында қарастырылады. Бір жыл ішінде осындай қылмысқа жол берілсе, онда қылмыстық жауапқа тартылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!