Петропавлд Ш.Уәлихановтың әжесі Айғанымның мерейтойына көрме ұйымдастырылды
Петропавлда 19-ғасырда қазақ әйелдері арасынан шыққан қоғам қайраткері, Шоқан Уәлихановтың әжесі Айғаным Сарғалдаққызының туғанына 240 жыл толуына орай жылжымалы көрме ұйымдастырылды. Ондағы жәдігерлер «Айғаным қонысы» атанған тарихи-этнографиялық музейден алынған.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
17.05.2023
Мынау Сырымбет тауының етегінде орналасқан «Айғаным қонысының» макеті. Шоқанның әжесінің кемеңгерлігін мойындаған Александр патша 5 мың рубль бөліп, сол ғимараттарды салдыртқан. Онда мектеп, медресе, мешіт, қонақ үй тіпті диірмен мен аткерме болған. Кейіннен қирап, жойылған қоныс 1993 жылы реставрациядан өтті. Қазір аспан астындағы тарихи-этнографиялық мұражайға айналған. Петропавлға жеткізілген жәдігерлердің біразы қазба жұмыстары кезінде табылған екен. Уәлихановтар отбасының жеке заттары: самаурын, қобдишалар, тіпті кәмпит салатын қорапқа дейін бар. Көпшілігін кейінгі ұрпақтары табыс еткен. Соның бірі Айғанымның өзі киген камзолы.
Назгүл Бейсембина, көрме жетекшісі:
- Бұл қамзолдың ерекшелігі тігісі. Өте ерекше. Алтын жіппен тігілген бір ерекшелігі. Осы қаптырмаға қарайтын болсақ қаптырма күмістен жасалған және сердалик тасы. Сердалик тіл көзден сақтаған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!