Екібастұзда жылу құбыры жарылды
Екібастұз қаласында тағы да коммуналдық апат болды. Бұл жолы жылу құбыры жарылып, 215 көпқабатты үй ыстық сусыз қалды.
Автор: Айзат Тұрғынбекқызы
18.05.2023
Екібастұз қаласының орталығындағы бұл көріністен жұрттың зәресі ұшты. Құбыр жапрылып, аспанға атқылаған ыстық су сай салаға жайылған. Құбыр жөндеуге қазылған арықтың іші де суға ілкіп тұр. Коммуналдық мекеме өкілдері апатты жоюға бар күшін жұмылдырды. Қазір қаладағы барлық үйге су беріліп, жылу желісіндегі жөндеу аяқталып қалды.
Евгений Банченко, «Екібастұзжылуэнерго»ЖШС директорының міндетін атқарушы:
- Бүгін таңғы сағат алты жарымда №2 жылу магистралінде ақау шықты. Апат болған жер судан босатылып,құбырлар бөлшектеліп алынып, жөндеу басталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!