{metadescription}
Астанада қоқыспен күрес қалай жүріп жатыр
Астанада қоқыспен күрес қалай жүріп жатыр

Астанада қоқыспен күрес қалай жүріп жатыр

Алыстағы пологонға бәрінің бірдей барғысы жоқ. Астанада осындай жауапсыз бизнес иелерінің кесірінен заңсыз қоқыс орындары азаймай тұр. Әсіресе құрылыс компанияларының тигізіп жатқан кесірі орасан. Құрылыс қалдықтарын тиеген көліктер арнайы орынға бармай-ақ, көрінген жерге қоқыс төгіп кете береді.

Өйткені ұсталған күннің өзінде де, жеке тұлға ретінде айыппұл төлей салған  арзан. Қаланың әкімдіг күресті күшейттік дегенімен, бүгінде заңсыз төгілген қоқыс алаңдарының жартысына жуығы ғана жойылған. Қолқаны қабатын  қоқыспен күрес бас қалада қалай жүріп жатыр?

Бас шаһарда қоқыс іздеп алысқа барудың қажеті жоқ. Елорданың іргесі былай тұрсын, қаланың қақ ортасында қоқыс толып жатыр. Көптігі соншалық, тау-тау болып үйіліп қалған. Біз тұрған мына жер қаланың әкімшілік орталығанан аса алыс емес, әрі кетсе бір-екі шақырымдай.  Қаланың сыртында арнайы полигон бар. Алайда құрылыс компаниялары қалдықтарды ол жаққа апарып әуреге түскісі келмейді.

Тек былтырдың өзінде Астанада 500-ден астам ресми рұқсат етілмеген қоқыс алаңдары анықталды. Соның жартысына жуығында залалсыздандыру жүргізіліп, 35 мың тонна қоқыс жойылған. Ал қалғаны әлі сол күйі жатыр. Көктем шыға салысымен «ҚазҒарыш» мамандары спутник арқылы мониторинг жасап, аудан әкімдіктерінің өтірік есептері әшкере болып жатыр.

Әсемгүл Жанаева, «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» мониторинг бөлімінің инженері:

- 1 наурыздан бастап, 30 қыркүйекке дейін мониторинг жүргізіледі. Көбінесе ол қаланың маңайында, қаланың шетінде және де құрылыс болып жатқан жерлерде, елдімекендерде анықталады. «Ханшатырдың» артында 2022 жылы құрылыс қалдықтары анықталған. Қоқыстарды анықтағанда ол үйіліп тұрады және ақшылдау түстес болады.

Елордадағы қоқыстың жартысынан көбі құрылыс компанияларына тиесілі. Олар қаржы үнемдеу үшін қалдықтарды көрінген жерге, әсіресе түнгі уақытта төгіп кетеді екен. Ал әкімдіктігелер қысы-жазы қайталанатын заңсыздықтардың алдын алуға қауқарсыз. Күні-түні құқықбұзушыларды аңдумен әлекпіз дейді олар. Ұсталған күнде де қай компаниядан екенін айтпай, жеке тұлға ретінде айыппұл төлеп құтылады.

Темірлан Аренов, Сарыарқа ауданы коммуналдық-шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бірнеше жерде бейнебақылау камерасы жоқ. Жүк көліктері соны пайдаланып, құрылыс қалдығын сонда апарып төгеді. Біз сол жерлерде кезекшілік атқарамыз. Бүгінде экология полициясынмен 25 жүргізуші әкімшілік жауапқа тартылды. Оның екеуі белгілі бір мекемнің жүргізушілері. Айыппұлдың жалпы сомасы 800 мың теңге.

Еліміздегі қоқыс полигондары жыл сайын 5 миллион тоннамен толығып тұрады. Соның тек 20 пайызы ғана қайта өңделіп, қалғаны көміледі. Қоғам белсенділері қоқысты қайта өңдеп, оны кәдеге жарату бойынша біршама еңбек пен тың идея қажет деп санайды. Бұл мақсатта үздік стартапқа байқау да жарияланған.

Дениз Асанова, «Стоп-мусор» жобасының менеджері:

- Заң бойынша құрылыс компаниялары қалдықтарды кәдеге жаратуы керек немесе қайта өңдеп оны тиімді пайдалануы қажет. Алайда тәжірибе көрсеткендей, бұл бағытта әлі күнге дейін нақты әдістемелер жоқ, механизмі пысықталмады. Сол себепті жастарға өздерін көрсетуге мүмкіндік берейік деп шештік.

Әкімдіктерге 1 маусымға дейін барлық рұқсат етілмеген полигонды жою туралы Үкімет тапсырмасы бар. Елімізде оның саны 5 683. Көбіне Ақмола, Қарағанды, Түркістан облыстары мен Астана қаласында. Заңсыз қоқыс ең көп төгілетін аймақтар да осы өңірлер тұр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.