Шымкентте 72 жастағы қария терезеден секіріп өлді
Шымкентте 72 жастағы қария аурухана терезесінен секіріп көз жұмды. Жаға ұстатарлық жағдай түн ішінде болған.
Автор: Бек Әбиев
19.05.2023
Зейнеткер 7 мамыр күні де суицидке талпынған. Кеңірдегін пышақпен кесіп, өлімші хәлде жеткізілген оған дәрігерлер ота жасап, бірнеше күн жансақтау бөлімінде жатыпты. Одан соң психотерапевттің рұқсатымен палатаға шыққан. Күніге жанында туыстары болғанымен, соңғы бірер күн ешкім келмеген. Осыдан кейін көңіл күйі де болмай, ақыры түн жарымында қария терезеден секіріп тіл тартпай кетті.
Қуаныш Лекеров, Шымкент №1 клиникалық ауруханасының бөлім меңгерушісі:
- Туыстары кетіп қалғаннан кейін мені тастап кетті деп ойлған сияқты. Өйткені бізде өте жоғары деңгейлі көмейі тігіліп, бірінші деңгейлі өңдеу жасалып жансақтау бөліміне жатқыздық, алғашқы медициналық көмек көрсеткенбіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!