Қарағанды шетіндегі тұрғындар бірнеше жыл жарықсыз отыр
Қарағандыда қала шетінен үй салып алған 30-ға тарта отбасы бірнеше жылдан бері жарықсыз отыр. Көмек сұрап жергілікті билікке сан мәрте хат та жазған. Алайда мәселенің шешілер түрі байқалмайды.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
19.05.2023
Марат Мұсатаев:
- Мына жағы түгел жарықсыз отыр. Бер жағы тек, «Горкомхозстрой» жағында жарық бар. Қалған үйлер түгел жарықсыз. Бітіреміз деп айтқан. 2020 жылы бастап, 2021 жылы тоқтатты. Екі жыл созылып отыр. Қосалқы станция жоқ, мердігер де жоқ.
2016 жылы бұл адамдар дәл осы ауданнан жер сатып алып, жаппай үй сала тастаған. Қазір бары генератор, кейбірі күн батареясын қолданса, аяғы майшаммен отыр. Жарығы мен суы болмаса да, сол жерлерге үй тұрғызғандар зардабын әлі тартып келеді. Тұрғындардың арызымен осыдан үш жыл бұрын тоқ тартуды басталған. Бірақ бәрін қамтып болмады. Биыл жарықтандыру жұмысына бюджеттен 700 миллион теңге бөлінген екен. Күнгей ауданы бұл тізімге де ілікпей қалыпты. Шенеуніктер жарық меселесі енді тек келесі жылдың бюджетінде қаралатынын ашық айтты.
Темірлан Талдыбаев Қарағанды ТКШ бөлімінің бас маманы:
- Қаражатқа байланысты шектелдік. Қазір қала басшылығына өтініш береміз, қаражатты ұлғайту бойынша. Егер мәселе оң қаралса, онда Күнгей-3 қарастырылады, міндетті түрде. Ал қазір мен жыл соңына дейін жарықтандыру болады деп айта алмаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!