Ақтөбеде автобуспен апатқа ұшыраған балалардың аналары үндеу жолдады
Ақтөбеде автобуспен жарысқа бара жатып жол апатына оқушылардың аналары үндеу жолдады. Олар бес айдан бері бірде-бір шендінің балалардың жағдайын біліп келмегеніне өкпелі. Сондай-а, бірнеше күрделі ота жасалған жеткіншектерді оңалту керек деп талап етіп отыр.
Автор: Жаңалық Ахаш
19.05.2023
- Жолкөлік оқиғасына 9 бала ұшыраған. Оның біреуі көз жұмған. Қалған сегіз баланың денсаулығы туралы айтқымыз келеді. Бұл жерде бес баланы сот-медициналық сараптама ауыр жағдайда деп жарияланған. Балаларымызға ота, түрлі ем-шара жасалды.
Тоғыз оқушы мен олардың бапкері мінген көлік жол апатына былтыр желтоқсан айында ұшыраған. Оқиға орнында бір бала қаза тапты. Сегізі түрлі жарақат алды. Бесеуінің жағдайы ауыр болды. Балаларға бүгінде бірнеше ота жасалған. Екеуі үйден оқып жатыр. Екеуіне де денсаулығына байланысты мүгедектік тағайындалған. Енді аяққа тұрып кету үшін ұзақ оңалту шаралары қажет. Негізгі талабы – салаға жауапты шенділер көмегін берсін дейді. Қазір бұл оқиғаға қатысты көлік тізгіндеген спорт мектебі директорының орынбасарына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Оған екі баппен айып тағылған.
Айбат Ермекбаев, Ақтөбе облысы спорт басқармасының бөлім басшысы:
- Оңалту болғанда, біздің басқарма тарапынан мұндай нәселе қаралмаған. Дегенмен басқа да мектептеріміз бар, облыстағы спортшылар қауымдастығы бар, соларға үндеу тастап, осындай жағдайда бәріміз қол ұшын берейік. Сонымен қатар қайырымдылық турнирін ұйымдастырып, түскен қаражатты, аздыкөпті болса да, балаларға жәрдем ретінде беру шаралары атқарылып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!